Archive | Шілде 29, 2013

Бөдененің жұмыртқасы

«Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­деқайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­пен жү­йелі қоректенген адамның әртүрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады.

толық нұсқасы

Қолға жасалатын ылғал массаж

alakan

Ем-шаралар

Ас тұзы – суда еритін ак түсті кристалл. Көбінесе кеннен алынады. Табиғатта сұйық түрінде де кездеседі. Бірақ сұйықтық тұз сорының буға айналуы арқылы қатты денеге айналады. Ағзадағы сұйықтарды қалыпқа келтіреді. Натрий мен хлордың денедегі қалыптылығын сақтайды. Дене молшерінің кілегейлі қабаттарын қуыру, көзді нұрландыру, тағамдардын әрлендіру қасиетіне ие.

1. Басқа және денееге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.
2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегімеруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.
3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, аурған жерді басады.
4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мүны сорбақта деп атайды.
5. Іш іш кірнепсі ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.
6. Ас тұзының жалпы организмге де әсері мол. Аз молшердегі ас тұзы асқазан сұйықтығының бөлініп шығуын молайтып, тамақ қорытуды күшейтеді. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп ұлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.

Сарымсақтың сан қыры.

Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра оның иісіне бола пайдаланудан қашқақтайды. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді, Оны турап, үгітіп алып жеу керек немесе бір бөлігін бүтіндей жұту керек.
Сарымсақтың құрамындағы табиғи екі антибиотик он бес түрлі зиянды бактериялардан қорғайды.
Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауыруын басады және салқын тигенге ем. Сондай ақ ревматизм, гепатит, қырыққұлақ ауыруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүрізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындағы халық емшілігі әдістерінде бар. Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болды.
Біздің заманымыздың «керемет» кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан «сескенді» екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қайнаған суға үгітіп, езіп алып, тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адамның сауығып кетуіне себепші болады. Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне де шипалы көрінеді.
Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенге, тұмауға қарсы ем болады.
Сарымсақты дұрыс сақтаудың мағызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен сарымсақты сақтайтын ең жақсы әдістің өзі осы екен, өйткені әдеттегі бөлменің температурасымен сақталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттеріне ештеме қалмайтын көрінеді.
Ескертетін жағдай, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем-домдарды қолдану барысында абай болғаны жөн.

Балаңыз ауырып қалса…

Егер балаңызға қатты суық тиіп, жөтелетін болса, ғасырлар бойғы тәжірибеден өткен ем-домды қолданып көруге болады. Кешкісін үлкен бір жуаны алып,ұсақтап турап, екі ас қасық қант салып қояды, Күні бойы бала шырынымен қоса тәтті пиязды біртіндеп жеп тауысуы керек. Егер мүлде жегізе алмағандай жағдайда тым болмаса шырынын ішкізу қажет. Осылай бірнеше күн емделче, бала тез ақ сауығып кетеді.
Тағы бір амал: жуаның шырынын теңбе тең етіп, балмен араластырып беріңіз. Бұл салқын тиген жөтелге де жақсы.
Шомырдан жасалған «дәрі» жөтелді жақсартып, басады. Домалақ қара шомырды таңдап алып (тамыры болғаны жақсы), жоғарғы ұшын кесіп алып тастап, ішін үштен бірдей шамада кеулеп ояды. Осы шұқыршаға оның бөлінетін шырынына да орын қалатындай етіп бал салады. Шомырды тамыры батып тұратындай етіп су құйылған ыдысқа салып қояды. 3-4 сағат өтіп, шырыны жиналғаннан кейін балаға соны ішкізеді де орнына қайта бал салып қояды.
Баланың өкпесі әлсіз болса, жөтеліне қарсы мынадай ем жасау керек. 2 шай қасық сары май, шикі екі сары уыз, 1 ас қасық ұн немесе крахмал,2 ас қасық балды жақсылап араластырып, күніне 4 мезгіл береді.
Жөтел көбіне таңертең күшейетідей болса, сарымсақ тұнбасын, қою қант сірнесін және аздап крахмал қосып, ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден аш қарынға жегізу керек. Ал, жөтел жатарда мазалайтын болса, екі-үш тамшы (бұдан асыруға болмайды) йод тұнбасын қосып бір стақан су ішкізіп жату керек.
Егер балаңызға қайтақайта салқын тиіп, жөтеле беретін болса, көктемде оған қайың шырыны мен сүтті (2:1) араластырып, аздап ұн немесе крахмал қосып беріп, тыңайту керек. Ал жөтелден біржолата жазылу үшін шыдамдылықпен қарекет жасап, балаға жаз бойы мынадай шөптердің тұнбасын ішкізу керек. Қалақай, жолжелкен, дала қырық буыны және күлқайыр шөптерін кептіріп, дайындап алып, әрқайсысының үгіндісінен бір-бір шай қасығын 4 стақан қайнаған суға тұндырады да күніне төрт мезгіл, тамақ алдында жарты стақаннан ішкізеді.
Бұл ем- домның ережесі баршаңа бірдей: төрт жасқа дейінгі балаға шай қасықпен 3 үш мезгіл, төрт жастан он жасқа дейінгі балаларға бір ас қасықтан, он жастан асқан балаларға күніне 3-4 мезгіл бір ас қасықтан ішкізеді.

Зоб ауыруын жазатын дәру.

Кімде-кім зоб ауыруымен ауырса, мынадай әдіспен дайындалған кашаны төмендегі ретпен пайдалану керек. 200грамм грек жаңғағының дәні, 200грамм шикі гречканы кофе нтарқышына салып уғатып, 200грамм балды қосып, жақсылап араластырып 3 күн жеу керек. Содан кейін үш күн үзіліс жасап қайта пайдалану керек, одан кейінгі пайдалану әдісі 9 күн жеп, 3 күн демалу. Дәл осылайша пайдалану 3-6 айға созылады. Зоб ауыруынан жалыққан адам осы дәруден кейін құлан таза айығып кетеді.

 Әр түрлі ауруға ем дәру.

Төменде келтірілген ауруларды 100 пайызға емдейтін дәру 2,5 грамм ментол, 1грамм новокаин, 1грамм анестезин 100грамм – 70 пайыздық спирттен тұ рады. Бұ л дәруді дәріханада жасаттыру керек.
Мынадай сырқаттарға пайдаланады:
1. Гемморойға;
2. Радикулит ауруларына;
3. Бас аурғанда күніне екі рет құлақтың айналасына жағу кеерек;
4. Ұйқысыздыққа – құлақтан құлаққа дейін желкеге жақса, адам жақсы ұйықтайды;
5. Қышымыға жағуға болады.

Егер аяқ қолдың тырнақтары бүлінсе не істеу керек?

Егер тырнақтардың көбілері сөгіліп іссе немесе басқа да аурулар болса, мынадай мазь жағу керек. Грек жаңғағының үлкеедігіндей прополисті алып тоңазытқышқа қатыру бөлігіне салып қою керек. Әбден қатқан прополисті уақтап, 200 грамм тұздалмаған майды ерітіп, прополисті соған салып су ваннасында 30 минут прополис ерігенше араластырып тұру қажет. Сосын сүзіп суыту керек. Дайын болған мазьді шүберекке жағып ауырған жерге таңып, сыртынан целлофанмен байлау керек. Мұны тәулігіне 2-3 реттен жара жазылғанша қолданған жөн.

Тұз, ас содасы, калина шөбі жөтелді кетіреді.

Адамның дауысы жоқ болып немесе қырылдап қалатын кездері болады, сол кезде төмендегідей ем жасаса дауыс өз қалпына келеді. Жатар уақытта 100 грамм жылы су және 1 ас қасық таза бал, 1 ас қасық тамаққа қосатын сұйық май ішіп жату керек. Түнде оянып су немесе басқа нәрсе ішуге болмайды. Осылайша тамағыңыз жазылғанша қайталаңыз.
Сізге жөтел пайда бола бастаған жағдайда 150 миллилитр суға 1ас қасық уатылған калина салып 5 минут қайнату керек. Сосын марляға сүзіп 1 шай қасық бал қосып жақсылап араластыру керек. Салқындағаннан кейін 30 минут бұрын ас алдында пайдаланады. Сондай-ақ жөтелге тұз бен ас содасысның қоспасы пайдалы.100 миллилитр қайнатылған жылы суға 1 шай қасық ас тұзы және сондай мөлшерде ас содасын салып араластырып күнбе күн ертеңгілік асқа дейін 30 минут алдында ішсе жөтел ғайып болады.

Жөтелді лимонмен емдеу.

Бұл дәру әсіресе жас балаларға тиімді. 2 бас лимонды шанышқымен тесіп қайнап жатқан суға 5 минут салып алыңыз, салқындағаннан кейін шырын сыққыштан өтккізіп 200 граммдық банкаға шырынын жинау керек, сосын 25 миллилитр дәріханалық глицерин қосып қалған жерге толғанша бал құйып жақсылап араластырады. Бұл қоспаны тамақ алдында 20 минут бұрын 1 шай қасық ішеді. Кейін жазыла бастағанда тамақтан кейін 2 шай қасық ішуге болады.

Үй жағдайында гипертониядан айығудың жолдары.

Базарларда немесе дәріханаларда сатылатын зверобойдың 2 қасығын және мятаның 1 ас тқасығын 0,5 литр ыстық суға салып ыдыстың бетін жақсылап жауып 2 сағат қараңғы әрі салқын жерге қойу керек. Содан кейін тұнбаны сүзіп алып, шикі орташа бір бас картопты теркадан өткізіп сөлін сығып авып жоғарыдағы тұнбаға қосу керек. Сосын осы қоспаны жақсылап араластырып күніне 5-6 рет тамақ ішердің алдында бір сағат бұрын 2 ас қасық ішу керек. Бұл емді қан қысымы қалыпты жағдайға жеткенше ішу қажет.

Әрі гипертонияға әрі аденомаға ем.

2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмальданған ыдысқа салып оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құйып баяу 5 минут қайнатады. Оттан түсіріп 1 сағаттан кейін марлямен сүзеді. Тұнбаның түсі қарақошқыл болса, аздап су құю керек. сосын 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Емделудің мерзімі бір ай. Сосын бір жұма үзіліс. Қажет болған жағдайда тағы қайталауға болады.
Сонай ақ гипертонияға еменнің күлі де ем. Сирень мен шыршадан басқа ағаштардың барлығынын да күлдері әртүрлі аурулардың дәруі. 4 ас қасық емен күлін 1 литр суға қайнатып 1 тәулік қою керек. Сосын ерітіндіні марлядан бірнеше рет өткізіп , күніне 3 рет тамақ алдында 2 жұма ішу керек. 5 күн үзіліс жасап, қайта қолдануға болады.

Кеудедегі сырылдан арылу үшін не істеуге болады?

Жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып кеудеге қою керек. Киіміңіз бығанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл процедура ұйықтар алдыдаа жасаланады. Осыны рет қайталаса кеудедегі ысқырық, сырыл кетеді және бүкіл дене жеңілденеді.

Жүрегіңіз ауырса.

Жүрегіңіз соғып немесе ауа жетпеген жағдайда мынадаай дәру қолдануға болады. Бір петрушка, бес бас сарымсақты ет тартқыштан 2-3 рет өткізіп, 100 грамм сары майға қосып, 5 минут отқа қойып араластыру қажет. Сосын қара нанға жағып таңертеңгі және кешкі тамақтан 15 минут бұрын жеу керек.
Сондай-ақ мына диетаны 4-5 апта ұстаса жақсы болады. Күнде күн 200 грамм қуырылған немесе бұқтырылған балық жеу керек (консервіленген балық жеуге болмайды). Күніне 500 грамм алманы үккіштен өткізіп жеу керек. Аптасына екі рет суға пісірілген ет және 2 күн суға пісірілген картоп жеу керек. Сонымен қатар ертеңгісін 1 сағат, кешкісін 1 сағат серуендеу керек. Таза ауада серуендегенде мұрынмен дем алып ауыздан шығару керек.

Жүрек ауырғанда саусақтарды массаждау.

Егер кенеттен жүрегіңіз ауырса кішкентай ғана сарымсақтың бір бөлігін шайнамай жұтып жіберіңіз. Ал жүрегіңіз жұмыс уақытында, көлік ішінде, далада ауыра қалса, қорықпай, отырған орныңызда бас бармақтан бастап барлық саусақтарыңыздың басын қатты уқалап шығыңыз. Содан кейін қолыңыздың саусақтарын басбармақтарынан басқасын жұмып, басбармақты ауырғанша 20-30 тістеңіз. Сол уақытта жүректегі ауру кетеді. Дәл осы әдісті бірнеше рет қайталаңыз.

Өмірдің кез келген жағдайында болатын ауруларды тоқтатуға кеңес.

Бал – денсаулықтың жақсаруына көмек береді. Таңеретең әркез 1 қасық бал ішіп жүрген жақсы. Бұл қандағы басты микроэлементтердің, витаминдердің тиімділігін организмдегі зат алмасуларын жақсартады.
Аяқ іссе, шаршаса 2 стақан қайнаған ыстық суға үккіштен өткізілген 1 ас қасық хреннің тамрын бір сағат тұндырып, содан соң тұнбаны аяғыңызға жағыңыз. Өт қабынғандағы тастыы кетіру үшін 1 ас қасық мята жапырағы мен 1 ас қасық чистотелды тең етіп алып, 1 стақан өте ыстық суға салып 1 сағат тұндырады. Тұнбаны таңертең және кешке бір ас қасықтан тамақ алдында ішу керек.

Дереккөз: http://www.healing.kz/kk_recipes.htm

Жеміс-жидектер, көкөністер

zhemisАлма.
Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.
Алмұрт.
Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.
Өрік.
Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.
Жүзім.
Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті.
Лимон.
Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты заттардың шөгінділерін шығара алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған.
Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері-луі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан.
Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады.
Құрма.
Ежелгі араб ғұламалары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.
Қант қызылшасы.
Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады.
Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы бөгеттерді ашады.
Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді.
Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.
Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жапырағының суымен шашты жуады.
Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.
Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады.
Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді.
Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет.
Сәбіз.
Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-аланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзе-
гі жүрек бұлшық етінің шар-шағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылдана-тындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсынылады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді.
Қырыққабат.
Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.
Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге
қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.
Қияр.
3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады.
Қызанақ.
Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге де бай.
Қызыл бұрыш.
Ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
Қара қарақат (смородина).
Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргенінің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады.
Пияз.
Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы заттарға бай.
Сарымсақ.
Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, иод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түр-лерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар болғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын. Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасиетін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып оты-ады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нә тижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Франция ның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қара-ғанда аз болыпты.
Парсылықтар көтеуді сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырылған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты (болмаса түйе тікенек) салады. Сарымсақ, немесе түйе тікенек күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді.
Шетен жидегі (рябина).
Оның шырынын ұзақ мерзім ішетін болса тіпті көтеудің (геморрой) өзі ашылып, жазыла бастайды. Шетен жидегінің шырыны іш жүргізетін дәріден де жақсы әсер етеді. Оны қант қосып 2 рүмкеден күніне үш мезгіл ішкен жақсы.
Қауын.
Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да тазартады, бүйректегі тасты шығарады.
Картоп.
Оның шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс. Бұл әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда айрықша пайдалы. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын, 200 гр. сәбіз шырынымен араластырып, күніне 1-3 рет ішеді. Тек тағамға пайдаланғанда есте болатын бір жағдай, аршылмаған картопты суық суға пісіргенде 25 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 10 пайыз, аршылған картопты суық суға пісіргенде 35 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 25 пайыз өзіндегі аскорбин қышқылын жоғалтады. Магний тұздарының аса маңызды көздері картопта 25 пайыз.
Жүгері.
Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және малдәрігерлік саласында бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын ісікті де қайтарады.
Шие.
Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа.
Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды.
Беке (айва).
Ағашының жас жемісі, оның жапырақтарынан дайындалған тұнба қолқа астмасы ұстамасын тоқтата алады. Құрғақ жапырғының ұнтақталған 5 грамын стақандағы қатты қайнаған суға тұндырады. 1 сағат қымтап орап қояды да сүзіп алады. Бұл тұнбаны тамақтанар алдында 2 ас қасықтан 3-4 рет ішу қажет.
Сары мейіз.
Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырады. Оны күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді (жүзімді) жиі жегеннің өзі адам бойын сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады.
Мойыл (Басқа аты шомырт).
Жапырақ төгетін ағаш. Тамыз айында жемісі піседі. Жемісі сүйекті, қара домалақ. Мойылдың жемісінен қайнатпа, кампот, сусын жасайды. Қабығы, жемісі жоғары қан қысымын төмендетіп, несепті айдайды, іштің өтуін тыяды.
Мүкжидек.
Қиыр Шығыс пен ТМД елдерінің орталық өңірінде, ылғалды, шымтезекті, батпақты жерлерде өсіп, қыркүйек айында жемісі піседі. Күзде жиналған мүкжидектің құрамында 3,2 пайыз қант пен 3 пайыз органикалық қышқылдар, көктемгі өнімінде 4,2 пайыз қант пен 2,8 пайыз органикалық қышқылдар, 15 мг пайыз дәрумені болады. Бауыры ауыратындарға, қышқылы жоғары асқазанның қабынуында, асқазан және ішек жаралары процесінде мүкжидекті, одан жасалған тағамдарды жеу қажет.
Шалғам (редис).
Барлық жерде өсіріліп, тамыр-жеміс пайда болысымен жинап алады, әйтпесе ағаш тәрізді қатайып кетіп, дәмін жояды. Құрамында қант, су, азотты заттар, клечатка, 25 мг пайыз С дәрумені, өзіндік өткір иіс беріп тұратын эфир майы, фитонцидтер (микроорганизмге кері әсер ететін заттар), минералды тұздар бар. Ішек – қарын ауырғанда, бауыр, бүйрек және буын (подагра ауруымен сырқаттанатындарға шалғамды пайдалануға болады.
Грек жаңғағы.
200-500 жылға дейін өмір сүреді, биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып, кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек ауруларын да жазады.
Анар.
Құрамында қант, 4-10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында танин болғандықтан) және же- місінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет.
Қарбыз.
Оның асханалық сортының салмағы 16 келіге дейін жетеді. Құрамында (орташа есеппен) 89,5 пайыз су, 7 пайызға жуық (кейбір сорттарында 12 пайыз) қант кездеседі. Әбден піскен қарбыз дәмді. Оны тұздап та жейді. Қарбызды дүкеннен, базардан сатып алған жөн. Өйткені онда санитарлық бақылау жасалады. Қарбыз да адам денсаулығына пайдалы.
Апелсин.
Отандық сорттарының құрамында қант, 60 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині), В1, В2, Р және РР дәрумендері бар. Темекі қағазына оралған апелсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласың. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы тамақтың күндік рационы- ның калориялығын күрт кемітеді. Осыған орай бұл күн- дер жеңілдену күндері деп аталады.
Күнбағыс.
Мұнан жасалған дәрілер суыққа қарсы, ыстықты түсіру, тыныштандыру, тәбет ашу үшін қолданылады. Күнбағыс тұнбасын былай жасайды: жаңадан басын үзіп, гүлі мен дәнінен ажыратады, ұнтақтан үш үлкен қасығын алып оған жарты литр арақ құяды. Күн көзінде бір ай ұстайды. Тұнбаны күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшыдан ішкен дұрыс.
Ауырған адамның ыстығын түсіруге бір ас қасық ұнтақталған жапырағына қайнаған су құйып, баяу отта 10 минуттай ұстап, тұнбаны бір сағат суытады. Күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын бір стақаннан ішеді. Адамның бойында тұз жиналса, бір стақан ұнтақталған тамырға үш литр қайнаған су құйып, баяу отта 3-4 минут ұстап, бір сағат суытады. Бұл тұнбаны күніне үш рет бір стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішсе, ем болады. Тек күнбағыстан жасалған осынау дәрілерді ішіп жүргенде ащы тамақтан бас тарту қажет.
Тәбетті жақсарту үшін бір ас қасық ұнтақталған гүліне бір стақан қайнаған су құйып, жарты сағат тұндырады да оны күніне үш рет үш стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрады. Күнбағысты халық медицинасында мұнан басқа мынандай ауруларға, мынандай әдіспен қарсы пайдаланады:

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Қара зере

karazira

қара зере

Шығыс елдерінде «Қара зере» деп аталатын май бар. Бұл майды мұсылмандар сан ғасырлардан бері барлық ауруға ем үшін қолданып келеді. Ол Сауд Арабиясында, Мысырда жасалады. Бүгінде АҚШ пен Батыстағы мемлекеттердің ғалымдары қара зеремен СПИД-ті емдеужолдарын да зерттеуде екен. Ал дәл қазір осы май Шымкент қаласындағы халал дүкендерде сатылып жатыр. Дей тұрғанмен, біздегі көп адам онымен қайтіп емделу керек екенін біле бермейді. Сондықтан оны кейбір ауруларға қалай қолданатынын айта кеткенді жөн көрдік.
Баспа (ангина)
Баспаға ұшыраған кезде қа­ра зере майының екі-үш тамшысын тамызғыш арқылы таңдай бездеріне тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне үш-төрт мәрте қайталайды. Емнің ұзақтығы екі-үш күн.
Созылмалы баспа
Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен таңдай бездерін сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрын­ға бір-екі тамшы май тамызады­. Егер қыздырса, мұрыннан қақы­рық түсірсе қорықпаңыз. Ол бес-он минуттан кейін тоқтайды.
Құлақ ауруы
Құлаққа бір тамшы қара зе­ре майын тамызу керек. Ол құ­лақты тазалап, ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек.
Көк бауырдың қабынуына қарсы
Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық укропты қосып үш-бес минут қайнатады. Оған жеті тамшы қара зере майын қосып, бір апта ішу керек.
Мұрынның бітелуі
Қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минут мұрынға қояды.Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.
Жөтел
Күшті жөтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тілдің түбіне таңертең және кешке тамызады.
Кеуде аурулары және суық тию
Жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға тамы­зып, буымен демалу қажет. ¬а­қырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек. Оған аздап бал қосып ішуге болады.
Әлсіздік
Он тамшы қара зере майын бір стакан апельсин шырынымен­ араластырып, таңертең ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек. Мұны 10 күн бойы қайталайды.
Белсіздік
1,5 стакан бал, 1 стакан кепкен өрік, 1 стакан мейіз, 2 лимон­ қабығымен, 1 стакан грек жаң­ғағын ұнтақтап, араластырасыз. Осы қоспаны тамақ жеуден бір сағат бұрын 1 ас қасығымен кү­ніне үш мәрте қабылдайды.
Жыныс жолдарының қабынуы
Жақсылап жуынып, жатар алдында ауырған жерге қара зере майын жағу керек. Емді 7-10 күн қайталайды.
Мастит
Кеудені қара зере майымен сылап, компресс қою керек. Оны тәулігіне екі рет, таңертең және кешке ауыстыру қажет.
Шаштың түсуі
Шаштың түскен жеріне қара зе­ре майын жағады. Сонымен бірге, тамақтан 15 минут бұрын, таңертең және кешке, жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.
Бұл қара зере майын жоғарыда айтқандай, халал дүкендерден табуға болады. Бағасы аса қымбат емес, ол 850-1200 теңге аралығында сатылуда.

С. САЙЛАУҰЛЫ