Грейпфрут сүйектерінің сіріндісі

грейпфрут

грейпфрут

         «Грейпфрут» сөзі ағылшыншадан аударғанда «жүзім жемісі» дегенді білдіреді. Алайда тағамдық қасиеттері тұрғысында осы цитрустың жүзіммен ешқандай да ұқсастығы жоқ. Ал ол өз атауын бұтақта 3-18 данадан жеміс шоғында өсетіндігімен алды. Ботаникалық түр және дақылдық өсімдік ретінде грейпфрут (Citrus paradisi) бұдан 100 жыл бұрын
шамалы адамдарға ғана белгілі болатын. Өсімдіктің аязға төзімділігі әлсіз, сондықтан оны басқа цитрустармен салыстыр-ғанда жылы облыстарда егеді. «Грейпфрут сүйектерінің сіріндісі» өнімі жаңа айрықша табиғи кешен, оның негізінде өсімдік
глицеринінде табиғи стандартталған грейпфрут сүйектерінің сіріндісі (33/67) жатыр. Осы сіріндінің күшті бактерияға қарсы және вирусқа қарсы әсері бар. Айрықша қасиетінің арқасында өзіміз әртүрлі ауруларды емдеу кезінде пайдаланатын дәрілер мен күшті әсер ететін құралдардың тұтас қатарын айырбастауға қабілетті.
Алу: грейпфрут сүйектерінің сіріндісін (ГСС) грейпфрут етінің құрғатылған зерен мен жарғақшасынан алады, олар кәдімгі ұнтаққа дейін ұсақталады, бұдан кейін тазарту үрдісі өтеді. Төменгі температураларда тазартылған массадан таза концен-трацияланған таза ұнтақ алады (т.н. Citricidal®), сіріндінің 33%, глицеринге 67% арақатынасында өсімдік глицеринінде ері-тіледі (кокос негізінде).
Құрамы мен қасиеттері: Грейпфрут сүйектерінің сіріндісінде аскорбин қышқылы, витаминдер, аминқышқылы, май қышқы-лы, полифенолдық қосылыстардың үлкен көлемі кездеседі, олардың негіздері гликозидтер мен биофлавоноидтар болып та-былады (кверцетин, гесперидин, рутинозид нарингенит, нарингин және т.б.). Осы заттардың Р-витаминдік белсенділігі бар, эндо және экзогендік, липофильдік қосылыстарға реттеушілік әсер етеді. Қабынуға қарсы,аллергияға қарсы әсер туғызады, құрылымды, тамырлардың икемділігі мен енушілігін қолдайды, антиоксиданттық қасиеттері бар.
Емдік әсері: ГСС-ні өсімдік тектес антибиотик деп атайды. Тек бактерияларға ғана іріктеп әсер ететін әдеттегі  антибиотик-термен салыстырғанда, ол ауру тудырғыш бактериялар мен әртүрлі микробтарға, вирустар мен шағын ағзаларға, оның ішінде паразиттер мен қышымаларға жойқын әсер етеді. ГСС құрамына кіретін биофлавоноидтар мен гликозидтер вирус-тардың, қышыма мен бактериялардың өздеріне азық ретінде қызмет ететін аминқышқылдарын қабылдай алмайтындай әсер етеді және бөледі.   Салыстыра айтсақ  синтетикалық антибиотиктермен салыстарғанда, ГСС бейімделуді туғызбайды, улы болып табылмайды, аллергия сияқты жанама әсер бермейді және пайдалы микрофлораны жоймайды, ол сондай-ақ адам денсаулығы үшін де маңызды. Сонымен қатар ГСС-ті жас сәбилер мен хайуанаттар үшін табысты қолдануға болады.
ГСС стафилококк, стрептококк, сальмонелла, гемофиль таяқшасы, ишерихия, хеликобактер, хламидии, Amoeba histolytica, Candida albicans үлгісіндегі қышыма, ұшық және де басқа паразиттер мен вирустар сияқты зиянды шағын ағзалардан туындайтын барлық аурулар кезінде тиімді. Грейпфрут сүйектерінде кездесетін биофлавоноидтар холестериннің жинақта-луына , тығындардың пайда болуына кедергі келтіреді, капиллярлар қабырғасын нығайтады, сондықтан сіріндіні тұрақты қабылдау ХХІ ғасыр аурулары дейтіндердің дамуын тежейді: көтеріңкі қан қысымы, атеросклероз, миокард инфаргы және басқалар. Нарингин биофлавоноиды ас қорытуды жақсартады, бауыр қызметін жандандырады, тиісінше зат алмасуын қалыпқа келтіреді. ГСС құрамына кіретін лимонен ағзадан уларды шығаруға ықпал етеді. Грейпфрут сүйектерінен жасалған сірінділердің жеткілікті үлкен көлемі қысымның көтерілуін тоқтатумен қатар, оны төмендетуге де көмектеседі (өсімдік
эстрогендері сияқты) – University of Alabama (Birmingham) өткізген зерттеулерде осылай хабарланады. Бұл дерек орта және ересек жастағы әйелдерге өте пайдалы болуы мүмкін, өйткені нақ осы топ басталған мено-үзіліске байланысты көбінесе көтеріңкі қысымнан  зардап шегеді.
Көрсетілімдері:
 бактериялдық, вирустық және қышыма инфекцияларды бастапқы сатыда алдын алу және емдеу  тыныс жолдары мен құлақ-мұрын органдарының ауруы: өткір синусит, фарингит, бронхит, отит , ұшық, белбеуленген теміреткі, тері мен тырнақтың кандидозы, басқа да оқшаулау

 ауыз қуысының аурулары: стоматит, гингивит, пародонтоз, пародонтит, безеу, тері іріңдігі, шиқан мен сыздауық
 бас тері майының шамадан тыс артуы, псориаз, диарея, метеоризм, гельминтоз, бөртпе, қалақай, аллергия, айрықша емес тері бөртпелері холестериннің, гипертонияның, атеросклероздың көтеріңкі деңгейі, миокард инфаргының алдын алу
ағзаны тазарту үшін, оның ішінде арықтау емі кезінде  тұрмыстық мақсаттар үшін – тамақ өнімдерінің сақталуы,залассыздандыру және т.б. косметикалық мақсаттар үшін.

Сақтық шаралары:
Бұрынырақ айтылғандай, ГСС улы емес және мысалы ішке қабылдаған кезде сол шай ағашы майымен салыстырғанда жанама әсерлер туғызбайды. Алайда ГСС аса шоғырланған зат және оны өте сақтықпен пайдалану қажет.  Кілегейлі қабықтың зақымдануын болдырмау үшін ешбір жағдайда да араластырмаған күйінде ГСС ішке қабылдауға болмайды!
 Цитрусқа аллергия кезінде сіріндіні тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана пайдалану.
Сыртқы қолдану:
Араластырмаған ГСС тек жәндіктер шаққан жерге, мұртшаларға немесе қышымалар зақымдаған аяққа (кейбір жағдайларда тері жарақатына, бөртпелер мен безеуге).
Кілегейлік қабыққа ГСС тек сумен, глицеринмен немесе өсімдік майымен (ең жақсысы жожоба майымен) араластырылған түрде ғана жағу.

Ішкі қолдану:
 ГСС әрдайым араластырылған күйде, ең жақсысы сумен немесе шырынмен ішке
қабылдау. Ішке қабылдау үшін орташа мөлшер: Ересектерге – 200 мл суға немесе шырынға 3-
15 тамшы, күніне 2-3 рет; балаларға (3-10 жас) 200 мл суға немесе шырынға 2-3
тамшы, күніне 1-2 рет.
 Ең жоғарғы күндізгі мөлшер: күндізгі норма ретінде дененің 10 кг салмағына 5
тамшы. Айрықша жағдайларда мөлшерді еселеуге болады: 1 кг – 1 тамшы, 30 мл
ГСС 900 тамшы ок. кездеседі!
 Қабылдау ұзақтығы ауруға байланысты. Аурудың негізгі белгілері жоғалғаннан
кейін адалдық үшін қабылдауды тағы да 1 аптаға жалғастырған абзал.
 Ұзақ уақыт бойында ГСС ішке қабылдау ішектің микрофлорасын бұзуы мүмкін,
сондықтан ішке қабылдау мерзімі 6 аптадан аспауға тиіс, барынша ұзақ ішке
қабылдау тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ықтимал.
Грейпфрут сүйектерінің сіріндісі – бұл әмбебап және тиімді антисептикалық құрал, ол
міндетті түрде әрбір үйде болуға тиіс және оны «әлемдегі ең жинақы дәріхана» деп атауға
болады.
Қабылдау әдісі мен мөлшері:
Тыныс жолдары мен құлақ-мұрынның ауруы кезінде:
1. Мұрынның және жатыр қуысының қабынуы (синусит), суық тию, тұмау. 2-3 тамшыны
100 мл қайнаған сумен араластыру. Алынған ерітіндіні күніне 2-3 рет мұрынға тамызу.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Ешбір жағдайда да араластырылмаған сіріндіні мұрынға
тамызбаңыз!
2. Өкпенің қабынуы, бронхит, жөтел, демікпе. 100-200 мл суға немесе шырынға 5-10
тамшыны араластыру, күніне 2 рет қабылдау. Демікпе кезінде қабылдау кемінде 3 айға
жалғасуға тиіс.
3. Тамақтың жыбырлауы, тамақтың қабынуы, миндалин (баспа, тонзилит, ларингит,
фарингит). 5-7 тамшыны стақандағы жылы суға араластыру және алынған ерітіндімен
тамақты күніне 3-5 рет шаю.
4. Отит. 3-5 тамшыны ГСС 300 мл глицеринмен араластыру, күніне 2 рет немесе
қажеттілік бойынша 1-2 тамшыдан құлаққа құю.
Ас қорыту органдарының сырқаты кезінде:
1. Ас қорыту жұқпалылары, паразиттер, жара. 3-10 тамшыны стақан суға немесе шырынға
араластыру, бір ай бойында күн сайын қабылдау.
2. Асқазан жарасы (тоқішек), қыжылдау, гастрит.
Жара зақымдалған жер өте сезімтал болғандықтан, мөлшерді біртіндеп көтеріп, бастаған
жақсы: 3-5 тамшыны стақан суға араластыру, тамақтың алдында күніне 2-3 рет қабылдау.
Ағзада хеликобактер бактериясы басталған жағдайда – ем кемінде 2 айға созылуы және
дәрігердің бақылауымен өтуі тиіс.
3. Ішек жұқпалылары, кептелу, метеоризм, диарея. Стақандағы 3-5 тамшыны күніне 2-3
рет қабылдау. Сақтандыру ретінде саяхат кезінде диареяға 3-4 тамшы ГСС тамақты әрбір
қабылдау кезінде сусынға қосуға болады.
4. Дизентерия. 30 күндік емдеу ұсынылады. Алғашқы 2 аптада: 5-10 тамшыны стақан суға
немесе шырынға араластыру күніне 1 рет қабылдау. Үшінші аптада: 15 тамшыны стақан
суға немесе шырынға араластыру, күніне 1 рет қабылдау. Төртінші аптада: 20 тамшыны
стақан суға немесе шырынға араластыру, күніне 1 рет қабылдау.
5. Тамақтан улану. Стақан суға 5-10 тамшыны араластыру, күніне 2-3 рет қабылдау.
6. Тамақ өнімдеріне аллергия. Стақан суға 3-10 тамшыны күніне 2-3 рет қабылдау.
Тері аурулары, тері мен кілегейдің сырқаттануы кезінде:
1. Бөртпе, қалақай, белбеуленген теміреткі, қышымалы теміреткі.
10 т. сіріндіні 2 ас қасық өсімдік майымен араластыру. Алынған ерітіндіні күніне 2 рет
зақымдалған жерге мақта тампонымен жағу. Терінің іріңді асқынуы кезінде жаққанға
дейін терінің зақымдалған жерін құрғату қажет.
2. Қотыр. 20 т. бір ас қасық май-ұстаушыға араластыру, дененің барлық терісін сүрту.
3. Дерматиттер. 3-5 т. бір ас қасық май-ұстаушыға араластыру, күніне 1 рет зақымдалған
жерді сүрту.
4. Псориаз, нейродермит, қалақай. 5 тамшы сірінді бір ас қасық жожоба майымен
араластыру, тітіркенген теріге жағу.
5. Есекжем. 8-10 т. сіріндіні 100 мл қайнатылған салқын суға қосыңыз, шайқаңыз. Терінің
зақымдалған жерін құрғатыңыз және алынған құралмен сүртіңіз. 3-5 мин қалдырыңыз
және дененің температурасын сумен шайыңыз. Бұдай кейін су ерітіндісі қосылған
сіріндімен ауырған жерге тағы да бір реті шайыңыз.
6. Сырқатты тері (бөртпе, безеу, әжім). Теріні ылғалдандырыңыз, саусақтың ұшымен 1-4
т. сырқаттанған жерге жағыңыз, сылап-сипаңыз, шайыңыз. ГСС 2 минуттан артық құрғақ
теріге жағу ұсынылмайды. Терінің көтеріңкі сезімталдығы кезінде сүрткенге дейін
сіріндіні сумен араластыру қажет. Егер сіз бөртпені сықсаңыз – жараны ылғалды
саусақпен 1 т. сіріндімен тазалаңыз.
7. Қайызғақ, бас терісінің ауруы, биттер. 5-10 тамшыны сусабынның шағын көлемімен
араластыру және осы ерітіндімен басты шаю. Бит болған кезде сусабынды баста 30
минутқа қалдыру, одан кейін шаю. 3 күннен кейін қайталау.
8. Кесіктер, жырылу, сыдырма. 1 т. ылғалды саусаққа тамызу, жараны емдеу.
9. Терідегі жара. 3 тамшыны ас қасық сумен араластыру – ерітіндімен таңғышты шаю.
10. Еріндегі ұшық, еріндегі жарылулар. 4-5 тамшыны 1 ас қасық жожоба майына
араластыру. Ерінге күніне бірнеше рет жағу.
11. Мұртшалар. Араластырылмаған сіріндіні (1 тамшы) күніне 2 рет мұртшаларға тікелей
жағу.
12. Көктамырлардың варикоздық кеңеюі, трофикалық жаралар. 30 тамшыны 100 мл суға
араластыру. Алынған ерітіндіні дәкеге сіңіру және ауырған жерге қою (ашық жара
болмаған кезде).
13. Тері мен тырнақтың қышыма аурулары. Зақымдалған жерді ГСС ерітіндісімен (суда,
майда немесе глицеринде) 10% немесе таза сіріндімен күніне бірнеше рет шаю (5
тамшыны ылғалды алақанға тамызу).
14. Тырнақтың негізінің қабынуы. 3-4 тамшы араластырылмаған сіріндіні сақтықпен
сылап-сипау қозғалысымен күніне 3 рет ауырған жерге жағу. Шаймаңыз немесе 5 т. бір ас
қасық маймен араластыру. Күніне бірнеше рет жағу.
15. Мастит. 8 тамшыны бір ас қасық сылап-сипау майымен араластыру – кеудеге жағу.
16. Вагинит, ауыздың уылуы. 1-3 тамшы ГСС + судың ¼ литріне шай ағашы майының 2-3
тамшысымен араластыру, шайылған тампон мен ерітіндіде ем-дом жасау немесе
ерітіндімен емдеу: 2 тамшы сіріндіні 1 стақан жылы сумен араластыру.
17. Интимдік күтім үшін. 1-2 тамшыны ылғал салфеткаға тамызу.
18. Геморрой. 10-20 т. жылымық сумен отыратын ваннада араластыру, 5 минутқа дейін
қабылдау.
19. Сүйелдер. 10-15 т. 5-7 л сумен араластыру. Осындай ваннадан кейін сүйеллдер оңай
кетеді.
20. Қатты тер шығару. 20-25 т. сіріндімен + 100 мл сумен шашыратқысы бар флаконға
құю. Дезодорант ретінде пайдалануға болады немесе 2 т. ылғалды алақанға тамызу және
тері бөлінетін төңіректі сүрту (қолтық, аяқ).
21. Жөргектік дерматит (сәбилерде). 5 тамшы сіріндіні біо ас қасық жожоба майымен
араластыру, терінің табиғи қатпарларына жағу.
22. Жәндіктердің шағуы. 1 тамшы таза сіріндіні ылғалды саусаққа тамызып, шаққан жерге
жағу. Кене шаққан кезде әуелі оны шығару қажет.
Ауыз қуысын күту:
1. Қызыл еттің қабынуы, ауыздан жаман иістің шығуы. 2-3 тамшыны стақан сумен
араластыру. Күніне 1-2 рет 10 секунд бойында шаю.
2. Қанқұрт, пародонтоз, пародонтит. 1-2 т. ылғалды тіс щеткасына жағу, тісті тазалау,
бұдан кейін суды сіріндінің 10 тамшысы қосылған су ерітіндісімен ауызды шаю.
3. Балалардың, сәбилердің аузындағы ашытқы жұқпалысы (ауыздың уылуы). 1-2 т.
(жасына байланысты) стақан суға ерітіп, күніне 2-3 рет ерітіндіде шайылған тампонмен
емдеу.
4. Афтоздық жара. 1-3 т. (ауру дәрежесіне байланысты) стақан суға ерітіп, күніне 2-3 рет
ерітіндіде шайылған тампонмен емдеу.
5. Тіс щеткаларын зарарсыздандыру. 5-10 тамшы сіріндіні суда ерітіңіз, ерітіндіге тіс
щеткасын 15 минут салыңыз, шайыңыз.
Тұрмыста қолдану:
1. Еденді жуу. 50 тамшыны 10 л сумен араластыру.
2. Қабырға мен төбедегі шаңды кетіру. 10 тамшыны стақан суда ерітіп – шашыратқышпен
бүрку.
3. Бөлмені зарарсыздандыру. 20 тамшыны 1 л жуу құралына қосу.
4. Кілемдерді тазалау. 20 тамшыны 1 л суға құю, осы ерітіндімен кілемді тазалау.
5. Бөлмедегі (дәретханадағы және т.б.) жағымсыз иісті кетіру. Бірнеше тамшыны кафельге
бүрку.
6. Ыдыстарды (оның ішінде балалардікін) және ас үйдің үстіңгі жағын зарарсыздандыру.
20 тамшыны 1 л сумен араластыру.
7. Азық-түліктің сақтау мерзімін арттыру. 20 тамшыны 1 л сумен араластыру – азық-
түлікті бірнеше минутқа ерітіндіге салу. Сақтау мерзімі 4-5 есеге артады.
8. Жайманы шаю. Шаю үшін 20 тамшыны суға қосу.
9. Өсімдіктерді өңдеу (жәндіктермен, зиянкестермен, шай-тозаңмен күресу және т.б.). 30
тамшыны ½ – 1 л суға араластыру, қажетті жерге шашырату.
10. Суды зарарсыздандыру. 10 тамшыны 1 л суға қосу.
11. Бассейндерді зарарсыздандыру. 20 т. 100 литр суға қосу.
12. Косметикалық және гигиеналық құралдарды сақтау мерзімін арттыру. 1 тамшыны
кремге, гельге, сусабынға және т.б. бүрку.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s