Көтеу немесе геморрой

gemorЕл арасында «өзің де көре алмайтын ауру» – деп атайды бұл кеселді : «Аурудың ең жақсысы – қышыма, қасыған сайын жаның кіреді. Ең жаманы – геморрой, не өзің көре алмайсың, не басқаларға көрсете алмайсың».

 Геморрой – күрделі аурулардың бірі. Егер, тік ішектің аузы күйдіріп ауыртса, дуылдап қышып шыдатпаса, үлкен дәретке отырғанда ашық қызыл түсті қан тамшыласа, бұл геморрой ауруы пайда болды деген сөз. Осы күні геморройдальдық көк тамырлардың, яғни көтенішек көк тамырларының қанталаған түйіндер түзіп, оның жанға батар ауру шақыра отырып  кеңуін біз геморрой деп атап жүрміз.

Геморрой – сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы геморрой сыртқы түйнектердің ішектің аузын қысып тұрған бұлшык еттердің етек тұсындағы көк тамырдың зақымдануы салдарынан туындайды. Сондықтан оны байқау қиын емес. Ішкі түйнектер керісінше тік ішекті қысып тұрған бұлшық еттің үстіңгі тұсындағы көктамырдың зақымдануы себепті пайда болады. Ішектің ішкі жағында тұрғандықтан олар көзге көрінбейді.  «Анатомиялық тұрғыдан алғанда бұл екі түйнектің бір-бірінен айырмасы жоқ. Ішкі түйнек те, сыртқы түйнек те көкшіл- қызғылт түсті, үстінен саусақпен басқанда былқылдап тұрады. Сырттағы түйнек көбіне ішкі түйнекпен бірге пайда болады. Ал ішкі түйнек өз алдына бөлек те түзіле береді», – дейді дәрігерлер.

Геморрой ауруы көбінесе мынадай себептерден туындайды екен:

Біріншіден, тік ішектің, яғни көтенішектің аса көп тарайтын бұл сырқатқа көбінесе көк тамыр қабырғасының жүре келе пайда болған өзгерістері, қан тамыры құрылымының әлсіздігі себеп болады.

Екіншіден, іштің созылмалы қатуының, бір орында тапжылмай отыратын жұмыстың салдарынан,

Үшіншіден, ащы тамақты көп тұтыну мен тойа тамақтанудың әсерінен болса,

Төртіншіден, арақ- шарапқа қатты әуестік осы ауруға оңай шалдықтырады екен.

Геморройдың мынадай белгілері бар: 

Ауырған адам дәретке отырған кезде қатты қиналады. Көтенішек түйіні кеселі асқынған кезде тік ішектен қан кетеді. Аурудың асқынуы көбінесе осылай білінеді. Дегенмен, геморрой зардабы тек қан кетумен шектелмейді. Емделмеген  жағдайда көтенішек түйіндері қабынып, ол қан тамырларының қабынуына алып келеді. Мұндай кезде көтенішектегі түйіндер ісініп, катайып, қатты ауырады, қайта-кайта дәретке отырғың келгендей алдамшы сезім пайда болады. Дәретке отырған кезде ауырсыну сезімі бұрынғыдан бетер күшейеді, кейде тіпті дене қызуы да көтеріліп кетеді. Асқыну екі бағытта дамиды. Оның алғашқысында көтенішектегі түйіндер біресе қабынып, ісініп, біресе басылып, ақыры іші қанды іріңге толып, кейін ол жарылып, орынын тесік немесе тілік түріндегі жарақат басады. Бұл жарақаттың ауруы бұрынғы түйіннен гөрі жанға батып, азапқа салады.  

  Геморройдың асқынуының екінші түрі,  қан аздық сырқатын тудырады. Қан кетуі салдарынан тәндегі темір элементі азаяды. Тағы бір айта кететін жайт, көтенішектің ішкі жағындағы түйіндердің асқынуы оның аузындағы шырышты қабаттың сыпырылып түсуіне, түйіндер орнының құрысып, жиырылуына әкеліп соғады. Мұның аяғы коп қан кетуге ұласады.Сондай-ақ, ішкі жағындағы түйіндер көтенішектің аузынан сыртқа шығып, бұлтиып тұрады. Бұл көтенішек аузын зақымға ұшыратады.

Геморрой  ауруына қандай ем түрлерін жасаған абзал?

Бүгінгі медицина бұл сырқатқа шалдыққанда ең алдымен ем дәмдік (диета) тәртіп пеп тазалық сақтау керек дегенді айтады. Яғни, төмендегі бірнеше түрлі тәртіп бойынша жүру керектігін ескертеді:

  •  Дәретке жүйелі түрде отырып, нәжісті іште сақтамай, ішекті босатып тұру шарт.
  • Алкогольден, кофеден тыйылып, ащы тағамды жемеуге тырысу керек.
  • Дәрет жүрмей, іш қатқан кезде іш жүргізетін дәрі-дәрмек ішуге болмайды. Өйткені олар ішекті қабынуға ұшыратуы мүмкін. Оның орнына аздап парафин майын ұрттап жіберіңіз.

Криотерапия немесе криохирургия сырқатты емдеудің негізгі түрлеріне жатады. Ол көтенішектегі түйіндерді суықпен тоңазытып алып тастау. Бұл мақсатқа сұйытылған азот, өте салқын температурадағы басқа да газдар қолданылады. Криохирургияның ең жақсы жері  ауыртпай, жанға тимей жасалады әрі ауруханаға жатуды қажет етпейді. Бірак, түйіндер ота жасала салғанда кетіп қалмайды. Олар 5-6 күннен кейін қызарып, ісінеді, сөйтіп екі аптаның ішінде ғана біржола айығады. Криохирургияны геморройдың барлық түрлерінде қолдануға болмайды, оны емдеуші дәрігер анықтайды.

Ем-домнан еш өнім болмағанда, түйінді хирургиялық жолмен алып тастауға тура келеді. Геморрой ауруы тым қорқынышты емес, бірақ, сақтанбаса күрделі ауруға апарып соғады. Ең жақсысы, аурып ем іздегенше, аурмайтын жол іздегеніміз абзал.

Advertisements

5 thoughts on “Көтеу немесе геморрой

  1. Пікіріңді осында қалдыр…assalamualikum men jakinda koteyden ota jasalip wiktim eki aptadai darigerdin emin jasadim endi kazir daladagyi daretxanaga otirip jyrm ylken daretke otirganda kyirigimnan wowaip birdene wikandai bolad birak tyrganan kiin baslip kalad endi syrak?mende kotey kaita bastaldima?ota jasalganan kein kandai kytim jane newe kyn?eki welekpen sy tasip jyrm ol sebep bolama?

  2. Ассалаумагалейкум. Мен 2 . 3 куннен бери котеу кышып маза берми жур. Бетки кабаты кан исик ондай ештеме жок. улкен даретке отырганнан сон кишкене кышыганы басылады. Тек жатар басталады. Ауру басталганба. Тезирек жауап берсениздер. Егер басталса ертерек ем кабылдауга барып тексерилен. Рахмет.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s