Жантақ

жантақ

жантақ

Жантақ республикамыздың құмдауытты далаларында, аласа таулардың етектерінде өсетін көпжылдық өсімдік. Сабағының түп жағы жуантық бас жағы сүйір жіңішке келеді. Жапырақтары сопақша бұтақтарында қарама-қарсы өседі. Тікендері өткір, гүлдері қызғылт сарғыштау болады. Гүл тостағаншасы қоңырау сияқты иіліп тұрады. Мамыр-тамыз айларында гүлдейді. Оның түп жағы қатқыл, бас жағы жұмсақ болғандықтан, түйе өте сүйсініп жейтін өсімдік. Сондықтан да оны түйе жантақ деп атайды.

Жантақтың құрамында С дәрумені, каротин, илік заттар, эфир майлары, гликозидтер бар. Оның іш жүргізетін, зәрді айдайтын, тер шығаратын, өтті жүргізіп тазалайтын және түрлі қабынуларға қарсы қолданатын қасиеттері болады.

Асқазан-ішек қабынуларға құлмақ гүлімен қосып қайнатып ішсе ас қорытуға көмектеседі. Ауырғанды бастырады. Оның гүлі мен жұмсақ бұтақтарын басқа шөптермен қосып, бүйрекке, қуыққа тас байланғанда ішеді. Ал, тамырынан жасалған дәрілерді көтеу түйіндерін жазуға, дене сыртындағы жарақаттарды жазу үшін қолданады.

20 грамм тамыр үгітіндісін 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 30 минут бұқтырып, сүзіп, ас алдында әр жолы 3 ас қасықтан, күніне 3 рет ішеді. Мұны бүйректе тас-құм байланса, жүрек қызметінің нашарлауынан денеге ісік шықса, ас алдында бір ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет. Дереккөзі

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s