Кәріқыз

кәріқыз

кәріқыз

Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын кәріқыз өсімдігі бір жылдық болып өседі. Биіктігі 50-70 см аралығында, жапырақтары жазылған алақан тәрізді үшбұрыштылау болып келеді. Оның жиектері ара тісті, жапырақ асты бозғылт, қатқыл түкшелері болады. Гүл шоғыры сабақ басында, жапырақ қолтығында өседі. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, сыртын қатқыл тікендер қоршап тұрады. Соны жарып қараған адам оның ішінен күнбағыс тұқымына ұқсас екі тал дәнін көреді.

Ол жол жағасында, егістік басында, арасында, өзен бойларында өсе береді. Тұқымы топыраққа ілінсе болғаны жағдай талғамай көктейді. Жеміс береді.

Кәріқыздың шөбі тұқымы дәрі болады. Тұқымын күзде піскен кезде, шөбін жазда орып алып, көлеңкеде кептіреді, Тұқымының дәмі тәтті, жылы райлы, аз уы болады. Шөбінің дәмі ащылау кермек, суық райлы, аз уы бар. Екеуі де адам денесіндегі жел, құзды қуады.

1. Созылмалы мұрын қабынуға, мұрын қуысында артық су жиналуға кәріқыз жемісінен 10 г (тікенінен аршылған), дағұр балдырған 15 г, ұсақ жапырақты жалбыздан 5 г-ды 300 г суға 3 минут ақырын қайнатып, әр жолы 100 грамнан астан 30 минут бұрын ішеді. Күніне 3 рет, бір емделу барысы 15 күн.

2Тілі шықпай мақау болып қалуға кәріқыз шөбінен 50 грамды 500 г суға қоймалжың болғанша қайнатып, күніне үш мезгіл ішеді. Күн сайын жаңадан дайындалуы керек.

3. Алқым безі ісінуге 20 г, кәріқыз шөбін 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, 30 минут бұқтырады. Осыны астан бұрын үшке бөліп ішеді. Күн сайын жаңадан дайындалады. Бір емделу барысы 20 күн.

4. Орта құлақ қабынуға кәріқыз тұқымынан 15 г, бұйда кендір шөбінен 15 грамды суға қайнатып, ішеді.

5. Ешкі қотырға, есекжемге, сұлы бөртпеге кәріқыз тұқымынан 9 г, изеннен 9 г, бақажапырақтан 60 г, топиын қабығынан 15 граммды қосып, 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, жылыдай теріні жуады.

6. Тістің түбін құрт жесе, тіс түбі қабынып, босаса, кәріқыз жемісін тікенінен аршып, жақсылап қуырып, ұнтақтап 60 грамын бір жұмыртқаға араластырып, күнделікті астан 2 сағат бұрын күніне 3 рет шағындап жейді. Оған тұз, май қосылмайды.

Дереккөзі

Advertisements

2 thoughts on “Кәріқыз

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s