Шырғанақ

шырғанақ

шырғанақ

Шырғанақ жапырақ төгетін бұта тектес ағаш. Жапырақтары қандауыр тәрізді сопақ, бозғылт болып келеді. Өн бойы тікенді, қабығы жылтыр қоңыр көп бұтақ шығарып өседі. Сарғыш гүл ашады. Жемісі тамыз айында піседі. Халық емшілері шырғанақты өте ерте кезден бастап дәріге қолданады. Оның жемісі, жапырағы, жас бұтақтары дәріге істетіледі. Ол таулы өңірлердегі өзен бойларында, жыра-жылғаларда да өсе береді. Республикамыздың Алтай, Ала­тау өңірлерінде көбірек кездеседі. Оны қолдан көшіріп егуге де болады. Шырғанақ қышқылдау, тәтті, дәмді, жағымды райлы, уытсыз болады. Жас бұтақтары мен жапырағын жазда, күзде алып кептіреді. Ал жемісін күзде немесе қар бір жауғанда алып, дәрі жасайды. Шырғанақтан алынатын май ерекше қызыл қоңыр түсті болады. Оны көптеген сыркаттарға тиімді дәрі ретінде қолданады.

1. Дәрумендердің жетіспестігінең болған қан аздыққа 3 ас қасық шырғанақ шырынын жарты стақан райхан жалбыздың қайнатылған тұнбасына қосып, оған бір ас қасық бал қосып араластырады да тоңазытқыштың астына қойып, екі сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан астан бұрын екі рет ішеді. Бір емделу ба­рысы 14 күн.

2. Аллергиялық аурудан тері бүлінгенде бір ас қасық шырғанақ жемісін 250 г қайнап тұрған суға салып, 10 ми­нут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыдан ас алдында 2 ас қасықтан ішеді. Суын жылытып, теріге компресс жасайды. Әр 15 минут сайын ауыстыруға болады. Бір емделу барысы 15 күн.

3. Сусамыры бар адамдардың зат алмасуы бұзылған кезде 3 ас қасық итмұрын жемісіне 1 шай қасық қаражидек жемісін қосып, 1 литр қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық термоста ұстайды. Осыдан соң оны сүзіп,  үстіне 4 ас қасық жылы шырғанақ шырынын, 3 ас қасық  бал салып, бәрін араластырады да, 3 апта күніне 3 реттен жарты стақаннан ішеді. 21 күн осылай емделіп, 15 күн демалып, қайта жалғастыруға болады.

4. Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық шырғанақ майын, пышақтың  ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.

5. Тіс  түбі  босап,   қанап  ауырған  кезде  шырғанақ жапырағын 10 минут ақырын қайнатып, астан соң жылыдай ауызды шайып отырады. Күніне 5-6 рет. Бір апта жасаса нәтижесі көрінеді.

6. Жұтқыншақтың бірнеше түрлі ауруына, мұрынның іші ауырғанда таза дәкеге сіңірілген шырғанақ майымен ауыз қуысын, жұтқыншақ төңірегін, танау ішін ауық-ауық сүртіп отыру керек. Бір емделу барысы 10 күн.

7. Көз ауруларының бірі тауық соқыр деп аталады. Бұл көбінше кешке қарай көздің көру қабілеті төмендеп кетеді. Мұндайда бір стақан   шырғанақ  жемісін  күні бойы жеп тауысып отырады. Ол аз немесе жоқ болғанда шырғанақтың жас бұтақтарынан аз мөлшерде алып, жарты литр қайнаған суға 10 минут ақырын қайнатып, термоста ұстайды. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Емді бір айға жалғастырса нәтижесі көрінеді.

8. Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға бір ас қасық шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға салып, тағы біраз қыздырып, жарты сағат бұқтырады. Осыдан күн сайын ас алдында жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Қажетінше қолдануға болады.

9. Көбінше балалардың мұрын қуысына томпиып ет өседі. Ол бірден ота жасамаса алына қоймайды. Ота жасаудың өзіндік киындықтары бар. Сондықтан да оған шырғанақ майымен дәрі жасайды. 3 ас қасық шырғанақ майына бір ас қасық енді ғана сығылған пияз шырыны, 2 ас қасық зәйтүн майы, 1 ас қасық ерітілген бал қосып араластырады. Осыны дәкеге сіңдіріп, мұрынға 20 минуттан күніне екі рет қояды. Емді үш аптаға созса нәтижесі көріне бастайды.

10.   Созылмалы іш қатуға бір ас қасық шырғанақ жемісін 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, ас арасында бөліп-бөліп ішеді. Ішек жұмысы дұрысталғанша жалғастыруға болады.

11. Бауыр ауруларының алдын алуға шырғанақ жапырағынан, қарақат, шие, шырмалғыш шайшөптен тең мөлшерде алып араластырып, ас қасықты 500 г суға бір қайнатып, 2 сағат термоста бұқтырады. Осыдан жылыдай әр жолы 100 грамнан күніне 3-4 рет ішеді. Әр жолғы емді үш аптаға созып, жылына 4-5 рет қайталауға болады.

12. Жатыр мойнының эрозиясына шырғанақ майына батырылған таза дәкіні жатарда жатыр ауызына қойып отырады. Бір емделу барысы 10-12 күн. Арада бір апта өткізіп қайталауға болады.

13. Қатерлі ісігі бар адамдар 500 г жаңа жиналған шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға бір салып алып, таза банкіге салып, үстінен бір килограмм ерітілген таза қарақұмық балынан құйып, салқын жерге бір ай жабық  ыдыста ұстайды. Осыдан соң сығып таза ыдысқа құйып
алады да ас соңынан 2 ас қасықты ішіп, соңынан жаңа сауылған піскен сүт ішеді. Бір емделу екі аптаға созылады. Осыншама демалып, қайта жалғастыруға болады.

14. Ревматизм мен сор буын ауруына шырғанақ жапырағы мен жемісінен тең мөлшерде алып 500 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 5 минут ақырын қайнатып, бұқтырады. Осыдан күнделікті астан 20 минут бұрын ішеді. Бір емделу барысы 20 күн. Осыны ішіп жүрген кезде аптасына 2-3 рет шөп моншасын жасауға болады. Ол үшін шырғанақтың жас бұтақтарын ұсақтап, қарағайдың жас қылқаны мен шишкаларын 1,5 литр суық суға салып, 2 сағаттан соң 20 минут ақырын қайнатып, астаудың суын 38-39 градус жылы ұстап қосады да шомылады. Соңынан жақсылап сүртіп, ауырған буынды күнбағыстың тазартылмаған майымен сылап орайды. 10-12 күнге созылады бір ем.

15. Жазылмай жүрген жараларға бір шай қасық шырғанақ майына жарты шай қасық алоэ шырынын қосып, таза дәкіге сіңдіріп, жараның үстінен орап таңады. Бір емделу  барысы 10-15 күн.

16. Қан ұйып, тамыр тығындалған кезде астан соң шырғанақ жемісінің шырынынан бір шай қасықты ішіп, соңынан көк шай ішеді. Бір емделу барысы 10-14 күн.

17. Шаш ойылып түсе бастаса 2 ас қасық шырғанақ жас бұтағын ұсақтап, 300 г суға 7 минут ақырын қайнатып, 3 сағат бұқтырады. Осы сумен жылыдай шаш түбіне жұмсақ уқалап, сіңдіріп, басты полиэтиленмен жауып, сәлден соң алып тастайды да, орамалмен орап қояды. Бір сағаттан соң басты жылы сумен жуып тастайды. Мұны жатарда істеп, 2-3 айға созуға болады.

18. Шиқанға, іріңді котырларға 1,5 ас қасық шырғанақ майына бір шай қасық вишневский май қосып, араластырып, жатарда таза дәкімен аталған сырқаттарға жауып орайды. Жатарда жасап, жазылғанша жалғастыруға болады.

19. Асқазан жарасына, эрозиялық асқазан сырқаттарына да шырғанақ майын пайдаланса сырқаттың жылдам сауығуына ықпал жасайсыз.

Дереккөзі

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s