Анар

АНАР

анар

анар

Күн саиын таңертең ашқарақта бір стақаннан анар шырынын ішетін болса, жүрек ауруларының біразының алдын алуға болар еді, – дейді ғалымдар. Ал осы шырынды обыр сырқатының жасушалары өте ұнатпайтын көрінеді. Ол қуық асты безінің, терінің обыр ауруларын тежеп, өсірмеуге, қайта денеден ығыстыруға септігін тигізеді екен.

1. Халық медицинасы анардың жемісі ғана емес, жапырағын, қабығын, тамырын да емге қолданады. Мәселен, бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап, жарыққа себеді.

Жасушаларды біріктіруші дәрі ретінде анар гүлінің бір шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы 50-60 грамды астан 40 минут бұрын күніне екі рет қабылдайды.

2. Дизентерияға, жұтқыншақ тамақ ауруына 5 г жеміс қабығын ұнтақтап, 100 г суға 10 минут ақырын қайнатып, ауызды шайқайды. Ішеді.

3. Асқазан ауырғанда анардың шырынымен тоқтатуға болады. Ол үшін жарты стақан ішсеңіз, бірер сағаттан соң басыла бастайды.

4. Өтте, оның жолдарында құм тас пайда болса, бүйрек пен қуықта байланған тастарға да анар шырыны әсер етіп, қуып шығуға көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасықты астан 20 минут бұрын, күніне 5-6 рет ішіп, екі аптаға созады. Арада бір апта өткізіп, емді қайта жалғастыруға болады.

5. Күйікке 1:10 мөлшеріндегі анар шырынын жағып, үстіне қабық ұнтағын себеді. Осыдан жұқа қабат пайда бо­лады. Сол қабат асты жылдам жазыла бастайды.

6. Ішектердің қабынуынан іш сұйылып өткен кезде анар тұқымын қуырып, ұнтақтап, мактің тұқымымен қосып, қайнап тұрған сумен ішетін болса тоқтатады. Тіс ауырып тұрған кезде анар тұқымын балмен қосып шайнап жесе ауырғаны тоқтайды.

7. Қуырылған тұқымды ұнтаққа айналдырып, күніне үш рет пышақтың ұшымен астан бұрын алып жейтін болса, кеуденің ауырғанын, жүрек қағысын қалыпқа келтіруге, сары аурудың алдын алып, асқа тәбет ашуға көмектеседі.

8. Тіс түбінің қанауына анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбінен, қырмызы гүлден қосып қайнатып, ауызды шайқайды. Бір емделу барысы 10 күн.

9. Созылмалы тұмауға бір ас қасық ұнтақталған анар қабығына 1,5 ас қасық тал қабығы, 1 ас қасық емен қабығынан 300 г қайнап тұрған суға салып, 15 минут су моншасында ұстайды. Осыны бұқтырып, төртке бөліп ас алдында ішеді.

Дереккөзі

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s