Сүттіген

Келу тегі: сүттіген тұқымдасы ( Euphorbia pekinensis Rupr)

Сүттіген (Tuphorbіa)

Сүттіген (Tuphorbіa)

Тұлғалық ерекшелігі: көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі 30-80см, тұтас сабағы ақ түсті сүт шырынды болады. Тамыры ұзын, жұмыр келеді, аяғы тік  өсіп бас жағы бұтақтайды. Ақ түсті қысқа ұяң түктері болады. Сағақсыз жалаң жапырақтары сопақша немесе қандауырша, кезектесіп өседі, жапырақ ұзындығы 3-6см, ені 6-12мм, тегіс жиекті, стакан пішінді жарты шатырша гүл шоғыры 5 талдан тізіліп, күрделі шатырша гүл шоғырын қалыптастырады. Аталық-аналық гүлінде түгелдей гүлдік болмайды, гүлдік түбіндегі гүл серігі бүйрек тәріздес, тостағанша орамасының ішінде аталық гүлі көп болады. Әр гүл шоғында бірден аталық болады , аталық жіпшесі таяқша пішіндес келеді, гүл шоғырының ортасында бір аталық және бірден аналық болады. Жатыны дөңгелек, аналық мойны 3, қауашақ жемісі үш қырланған домалақтау болады. Қоңыр түсті, беті майда жұмыртқа пішінді тұқымы бар. Сәуір, мамыр айларында гүл ашады. Маусым, шілде айларында жеміс береді.

Өсетін орындары: сортаң жерлер, дымқыл шөптесін орындар, өзіне бойлары және арық жағалауларында өседі.

Дәрілік бөлімі: тамыры дәрі болады.

Мәнерлеу: көктем мен күзде тамырын қазып тазалап турап кептіреді.

Негізгі құрамы: құрамында юпорнин, биологиялық сілті, юпорбия т.б. бар.

Қасиеті: кермек дәмді, суық райлы, улы. Бөгетті таратады, іштегі суды айдап, ісікті қайтарады. Несепті жүргізеді.

Басты ем болатын аурулар: құрсаққа су жиналу, көкірекке су толу, текті жара ісігі, лимфа туберкулезі.

Қолданылу мөлшері: 1-3г.

Қолданбалы шипашақтар:

Құрсаққа су жиналу, көкірекке су толуға.

Шипашақ: сүттіген 3г, мыңбас шырмауық 6г, монтана тұқымы 10г, шылан 5 тал, суға қайнатып, күніне екі уақ ішеді.

Лимфа туберкулезіне

шипашақ: сүттіген 3г, ара ұясы 6г, шытырлақ 10г, мысық тырнақ 10г, желайдар 10г, суға қайнатып, күніне екі уақ ішеді.

Текті жара ісігі мен мәлімсіз улы ісікке.

Шипашақ: сүттіген 3г, ара ұясы 6г, жер қонақ 12г, иісті қоғажай 12г, бақбақ 12г, суға қайнатып, күніне екі  уақ ішеді.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s