Атерома

атерома1Атерома – адамдарда кезедесетін көптеген тері ауруларының біреуі, бұл кесел көптеген қолайсыздықтар туғызатыны анық. Жас, жыныс  таңдамайтын кесел. Негізінде Атерома – тері кистасы. Зат алмасу жүйесі мен түрлі бездердің жұмысы бұзылғанда пайда болады. Шаш, қыл шығатын жерлерде көбірек

атерома11пайда болады және тершең немесе семіруге бейім адамдарда кездесетін кесел . Гендік дәрежеде де адамның ағзасының бейім болуы мүмкін екенін де айта кеткен  жөн. Ал енді бұл кеселге душар қылатын себептерге келсек олар көп: гормональдық өзгерістер және дұрыс тамақатнбау, қоршаған ортамыздың ластануы мен түрлі стресстік жағдайлар. Атероманың ағзамызға тигізер зияны болмағанымен, туғызар атерома12ыңғайсыздықтары көп: косметологиляқ және эстетикалық… Асқынып кеткен түрінде кішкентай томпақтардың асты іріңге толып кетуі мүмкін және сыздай бастайды. Қатты асқынған кезде 5 см-ге шейін ұлғайып кетеді. Бұл кеселге бейім адамдарға үнемі күтіну қажет! Теріні күту, жылы суме,н жуыну, бет терілерін мұқият тазалау, тамақтануды реттеу: майлы, тәтті нәрселереді және ұннан жасалған тамақты шектеп қолдану.

Кеселді емдеудің халықтық әдістемелері:

Рецепт 1   Ежелден ақ  халық емшілері бұл кеселге қарсы сәлдегүлдің(пион) тамырынан жасалған қайнатпаны қолданған. Екі ас қасық кепкен, үгітілген тамырды 500 мл суға қайнатып , сүзіп, салқындататын. Даяр қайнатпамен бөртпелерді немесе томпақша қалталарды, олардың төңірегін сіңдіре сүртеді.

Рецепт 2  Үй жағдайында жасап ауға болатын жақпа май. Бұл жақпа майды жасауға бүға піскен пияз қажет. Буға піскен өте үлкен емес пиязды ет турағыштан өткізіп, оған үгітілген бір ас қасық кір сабын қосылады да араластырып жақпа май жасалады. Енді кеселді жерлерге жағып, мүмкін болған жағдайда үстінен целофан  қойып  оның сыртынан бинтпен орап қойыңыз. Бір күнде үш рет алмастырып отырыңыз. Ем, кесел қайтқанша жасалуы керек.

Рецепт 3  Халық арасындағы ең белгілі ем – тауық жұмыртқасы. дәлірек айтсақ жұмыртқа қабығының астындағы жұқа пердесі(пленка). Осы пердені алып, томпайған немесе ісіген жерге жабыстырамыз. Бұл ем кезінде кеселдің сәл асмқыныуы мүмкін, қорықпаңыз. Қабыну тоқтаған кезде, қайта тартыңыз, әбден емделгенше жалғастырыңыз..

Рецепт 4 Күміспен емдеу әдісі де бар. Күміс затты сол мәселелі жерге(жировик)  5 -10 минут қойып қойыңыз. 3-4 аптадан соң айығады.

Рецепт 5 Қойдың майын буда(паровая баня) ерітіп терідегі Атеромаға жағамыз(ерітіндінің температурасы жылыдан жоғары болуы керек). Жаққан кезде кәдімгі массаж жасау әдісін қолданамыз – май теріге сіңімді болуы үшін.

Рецепт 6 Атеромадан сарымсақтың да көмегімен құтылуға болады. Майда үккіштен өткізілген сарымсаққа аз ғана өсімдік майын қосып араластырамыз. Нәтижесінде пайда болған сұйық ботқаны түйіншектердің үстіне сіңдіре жағамыз(массаж).

Рецепт 7  Өгейшөптің гүлін-бутонын пластырьдың көмегімен түйншектің бетіне жабыстырып қойсаңыз да болады. Күні бойы жүрген дұрыс. Түнгі ұйқыға жатар алдында шаптаған өзіңізге ыңғайлы болмақ. Әрбір 12 сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Түйншек жоғалғанша қайталаңыз.

 

Advertisements

2 thoughts on “Атерома

  1. Саламатсызба! Кокемарал осимдигинин касиеттерин билесизбе? Немесе кокемарал жайлы дерек бере аласызба?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s