Эхинацея

Эхинацея өсімдігін көріп жүрген боларсыздар. Ал енді бұл өсімдіктің емдік қасиеттері жайлы не білесіздер?

Емдік өсімдіктер арасында эхинацеяның алатын орыны ерекше. Халықтар арасында «қан тазалағыш» деген  қосымша аты бар. Лифатикалық жүйені,қанды, бүйрек пен бауырды өте жақсы тазалайды. Эхинацея ауруды емес сол ауруды(кеселді) туғызатын себеп-салдарды емдейді, ағзаға ешқандай кері әсері жоқ.

 Халық емінде тұнбалары, қайнатпалары, сөлі көп қолданылады. Оларды жасауға гүлдері мен сабақ жапырақтары балғын күйінде не болмаса кептірілгені қолданылады.

Эхинацеяның тұнбасы қолданылатын кеселдер:
– цистит, нефрит, гепатит
– инфекциялық және салқын тиіудің салдарынан болатын: грипп, бронхит, тонзиллит, пневмония, герпес аурулары
– еркектің жыныс мүшелері: простатит, аденома
– асқазан жарасы(язва), гастрит, іштің қатуын, көк тамырлардың спазмаларын
– әйелдердің кеселдері (түрлі қабынуларды)
– антибиотикті көп қолданғанда, химиотерапиядан кейін және радиацианың залалдарына
– лейкопенияға – қан формулаларын қалпына келтіру үшін
– жаңа пайда бола бастаған қатерлі түйіншектердің(ісіктер) алдын алу. Асқынуына жол бермейді.

                         Эхинацеяның тұнбасын даярлау әдісі

200 грамм балғын (немесе 50 грамм кептірілген) эхинацеяны (жапырағы,гүлдері,сабақтары)  1 литр таза араққа салынып, 14-20 күндей қараңғы жерде сақталады. Күнделікті шайқап тұру керек. Дяр болған соң сүзіп алынаған тұнбаны  20-30 тамшыдан күніне 3 реттен а 20-30 минут тамақтың алдында 10 күн ішкен дұрыс. Үш күн үзіліс жасағаннан кейін тағы да екі рет қайталаңыз. Емделу мерізімі 10 күннен. Бұл бір емдік курс болып саналады.

Эхинацея тұнбасы вирусқа қарсы, оны тудыратын бактерияларды жойып отырады, полиартрит, простатит және гинекологиялық кеселдерді емдеуге өте пайдалы.

Эхинацеия тұнбасы қанның құрамын жақсартады, иммунитетті күшейтеді, жарақат пен жаралардың жазылуын тездетеді, сыныққа, буын шыққанға да жақсы. Псориаз, экзема, күйік, ойылыу,тесілу және сыздауықтарға ылғалды тампонмен  компресс жасаған дұрыс.

 Тұнба немесе тұндырма мидың қабілетін арттырады, зердені күшейтіп қатты күйзелістен шығуға да ықпалы бар. Жұмыс істеу қабілетіңізді арттырады.

 Эхинацеияның тұнбасының жақсы әсері:
– гинекологиялық кеселдерге
– иммунитеттің төмендеуіне, бейжайлыққа, мидың жұмысына,  алкогольге беймділікті әлсіретеді және темекіні тастауға көмегі бар
– герпесті емдеуге (10 күнде жоғалады болмаса көп уақытқа шейін пайда болмайды)
– жасына қарамастан еркектік әлеуетті(потенцияны) күшейтеді  (тұнбаны 0,5-1 стакан шырындармен қосып күніне 3 реттен 30 минут тамақтан бұрын ішу керек)
– бедеулікті емдеуге(әйел, еркек)
– семіруден сақтайды (тәбет төмендеп тәттіге деген құштарлық азаяды).

Тұнба жасаудың тағы бір әдісі

1 ас қасық құрғақ эхинацеяны (жапырақтаы, гүлдері,сабақтары) жарты литр қайнаған ыстық суға салып, термоста немесе эмальданған ауызы жабылатын ыдыста(жақсылап жылы орап) бір түнге қойып қойу керек. Дяр болған соң сүзіп алып  100-150 мл-ден күніге  3 реттен тамақтың алдында(30 минут ) ішкен дұрыс. Он күн ішіп бес күндік үзілістен соң тура осы әдіспен тағы да екі рет(үзіліс жасай отырып10 күннен) қайталаған дұрыс. Бұл  бір курсболып саналады. Қажет болған жағдайда мұндай емдік курсты тағы 3 рет (10 күннен) бір айлық үзілістен соң жасаңған дұрыс.

 Эхинацеияның қайнатпасы  асқазан жарасын(язва), буын ауруларын, домбығуларды(отек) емдегенге жақсы. Көңіл күйді көтеріп, көздің көру қабілетін күшейтеді.

            Қайнатпаны  даярлау

1 шай қасық  эхинацеяның жапырағын бір стакан қайнақ суға қосып ол ыдысты ыстық суға салып(водяная баня) 15-20 минут ұстағаннан кейін сүзіп алып стаканның 3/1 бөлігін күніне 3 рет тамақтың алдында 10 күн ұдайы ішкен дұрыс. 5 күн үзілістен соң тағы он күн қайталаңыз.Бұл бір курс. Емдік шараны(курсты)  арасына 5-10 күн салып кем дегенде2-3 рет қайталаған дұрыс.

 Он күннен артық үзіліссіз ішуге және екі жасқа толмаған балаға ішуге болмайды. Сондай ақ эхинацеядан жасалған дәріні лейкозға, енжар склерозға, туберкулезға, аллергияға қолдануға болмайды.Аяғы ауыр әйелдерге де ішуге болмайтынын айта кету керек.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s