Кімге шөп – кімге дәрі

Шөптер – шөптер
2.

3. Экологиялық таза жерде жиналған өгейшөп (мать-и-мачеха) жапырақтарын, жолжелкен (подорожник) жапырақтарын, қарағай (сосна) бүрлерін бірдей мөлшерде араластырады. Осы қоспаның 4 ас қасығын 2 сағат суық суда тұндырады. Содан соң жабық ыдыста 5 минут тұндырады. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішеді.

4. Тасшөп(жебіршөп) (тимьян ползучий) шөбін, қарағай бүрлерін, бәден (анис) жемістерін, дәуаскөк (фенхель) жемістерін бірдей мөлшерде алады. Осы қоспаның 1 ас қасығына 1 стакан су құйып, қайнап тұрған су моншасында 15 минут қыздырады. Сүзеді. Күніне 3-4 рет 1/3-1/4 стақаннан ішеді

5. Бәден (анис) жемістерін, жебір (тимьян) шөбін, дәуаскөк жемістерін, зығыр (лён) дәндерін бірдей мөлшерде алады. Қоспаның 4 ас қасығын ыдысқа салып, 1 стакан су құяды. 2 сағат тұндырады. Содан соң 5 минут қайнатып, сүзеді. Күніне 3 рет 1/3 стақаннан ішеді.

6. Ванга рецепті. Көк пияздың 40 басын кесіп алып, қайнаған ыстық суға салады. Әбден жұмсарғанша суда ұстайды. Содан соң пияздарды 0,5 л зәйтүн майына (оливковое масло) салып, езеді. Осы пюрені таңертең ашқарынға және кешке тамақ алдында 1 ас қасықтан қабылдайды.

7. Дәуаскөк, бәден жемістерін, қызылмия (солодка голая) тамырын, қарағай бүрлерін, жебір шөбін бірдей мөлшерде алады. Қоспаның екі ас қасығына 200 мл су қосады. Қайнап тұрған су моншасында 15 минут қыздырады, 45 минут суытады. Сүзіп алып, тұндырманың көлемін бастапқы көлемге дейін жеткізіп су құяды. Күніне 3-4 рет 1/3-1/4 стақаннан ішеді.

8. Қызылмия тамыры – 30 г, қарағай бүрлері – 30 г, өгейшөп жапырақтары – 30 г, аскөктің жемістері – 15 г, жалбызтікен (алтей) тамыры – 15 г, қызанақ шөбі – 15 г, итошаған (череда) шөбі – 15 г. Осы қоспаны дайындап, алдындағы тәсіл бойынша қабылдайды.

9. Ақбадам (бузина) гүлдерін, шықшөп (росянка) шөбін, жолжелкен (подорожник) жапырақтарын, шегіргүл (фиалка) шөбін бірдей мөлшерде алады. Қоспаның 4 ас қасығына 1 стакан су құяды. 2 сағат тұндырып, бірнеше минут қайнатады. Қайнатпаны күні бойы ішіп қою керек.

10. Жебір шөбін(тасшөп),өгейшөпті, үш түсті шегіргүл (фиалка трехцветная) шөбін, андыз (девясил) тамырын, бәден жемістерін бірдей мөлшерде алады. Қоспаның 1 ас қасығына 1 стақан қайнаған ыстық су құяды. 30 минут тұндырады. Күніне 3 рет астан кейін 1/3 стақаннан ішеді.

11. Алоэ-250 г, кагор – 0,5 л, бал – 350 г. Алоэның жапырақтарын кесер алдында 5 күн бойы суғармау керек. Кесілген жапырақтарды майдалап турап, шыны ыдысқа салады. Үстіне кагор мен бал қосады. Жақсылап араластырып, 9 күн салқын жерде тұндырады. Сүзеді. Алғашқы екі күнде күніне 3 рет 1 ас қасықтан, содан соң күніне 3 рет 1 ас шай қасықтан ішеді. Алоэ өсімдігінен дайындалған дәрілерді жүкті әйелдерге және жатырдан қан кеткенде қолдануға болмайды.

12. Жантақ , халықтық медицинада бұл өсімдікті тер шығару және зәр шығару(қуалау) мақсатында жиі қолднады. Қайнатпа немесе тұнба жасалады. Асқазан мен ішек құрылыстарының кеселдеріне, көбінесе іш өткенде немесе дизентерияғ қарсы қолданады. Қатты жөтел кезінде саябырсыту мақсатында да қолданады. Көтеу(геморрой) кезінде ванночка жасаған жақсы немесе шайсада болады

Advertisements
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s