Сарымсақ

Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек.

Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактериаларды құртады екен.

Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревмотизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар.

Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериалық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.

Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауғып кетеді.

Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.

Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.

Сарымсақты дұрыс сақтаудың маңызы зор. Тоңазытқышта төрт ай сақталған сарымсақтың бактерияға қарсы қарымы шамамен екі есе, ал бір жыл сақталса 48 есе кемиді. Дегенмен, сарымсақты сақтайтын ем жақсы әдістің өзі де осы екен, өйткені әдеттегі бөлмедегідей жағдайда ұсталса, біршама уақыттан кейін оның емдік қасиеттерінен ештеңе қалмайтын көрінеді.

Сонымен, сарымсақ жұрттың бәріне дерлік пайдалы делік.

Дерлік дегенді қосып отырғанымыз, асқазан жүйесінде уытты жарасы, гастриті бар, не болмаса бүйрегі қабынған адамдардың аталмыш ем-домдарды қолдану барысында абай болғаны абзал.

Сарымсақ құдіреті

Бізге жақсы таныс және жоғарыда айтып кеткен сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Соған қарамай сарымсақты сирек қолданамыз. Сарымсақ қандай ауруларға дауа болады?

Сарымсақтың құдіретін халық ерте кезден-ақ білген. Бірақ оны екінің бірі қолдана бермейтіні өкінішті. Ең алдымен айтарымыз, сарымсақ құрамында витаминнің көптеген түрі бар, басқа да пайдалы заттар мол. Сарымсақты өсірудің де еш қиындығы жоқ. Кәдімгі пиязды қалай егіп өсірсе, оны да осылай өсіре беруге болады. АҚШ-та сарымсақтың шипалық қасиетін ұзақ уақыт зерттеп, одан тиімді препарат жасап шығарған. Бал және асханалық сіркесумен (алма сіркесуы адан да жақсы) араластырып жасаған препарат төмендегідей ауруларды емдейді.

Рак. Ғалымдар сарымсақ құрамында рак клеткаларының өсуін тежейтін, фитохимиялық заттар бар. Рак ауруларын емдейтін ұлттық институттың мәліметтері бойынша, сарымсақты үзбей пайдаланатын адамдар арасында асқазан мен тоқ ішек рагіне шалдығушылар саны жоққа тән. Сондықтан сарымсақтың әсерін күшейте түсу үшін оны күн сайын майдалап езіп, сіркесу және балмен араластырып, үзбей пайдаланған мақұл.

Холестерин. Англияның «Ланцет» деген медициналық журналы ағзадағы холестеринді азайтып, қаннан толық бөліп шығарудың тиімді тәсілі күн сайын сарымсақ жеу деп есептейді. Ол үшін сарымсақты үккіште өткізіп, сіркесумен араластырып, дәміне қарай бал қосады. Бір жолға бір-екі бөлік жетеді.

Демікпе. Екі бөлік сарымсақты майдалап езіп, бір қасық алма сіркесуымен араластырады, бірнеше тамшы бал қосады. Соны әрқашан таңертең аш қарынға ішсеңіз, өзіңізді жақсы сезінесіз, біртіндеп құлантаза сауығуыңыз мүмкін.

Диабет. Американдық диетолог Клейннің зерттеуі бойынша, едәуір мөлшердегі сарымсақ бұршақ (горох) және үрме бұршақ (фасоль) қосындысы диабетпен сақтанатындардың қанын сұйылтуға ықпал етіп, қан айналымын түзейді, қан құрамындағы қант азаяды. Аталмыш қосындыға алма сіркесуы мен бал қосса әсері тіпті молая түседі.

Тамағыңыз ауырып, тұмау болсаңыз. Мұндай ахуал көп адамда кездеседі. Үй жағдайында емделу үшін әркім өз бетінше дәрі жасауға болады. Ол үшін бәрнеше бөлік сарымсақты үккіштен өткізіп, бір стакан сүтке салып, араластырады. Онан соң қайнатып, біраз суытады. Сол тұнбаны күніне бір шай ас қасықтан бернеше рет суытады. Осы тұнбаны күніне бір ас қасықтан бір рет ішсе, тамақтың ауырғаны басылып, тұмау жеңіл өтеді, әрі жиі ауырмайтын боласыз

Алынған жері

Advertisements
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s