Қымыздық (щавель)

Қымыздықтың адам ағзасына пайдасы ұшан-теңіз. Оны дәстүрлі және халық медицинасында көптеген дертке дауа ретінде қолданған. Емдік қасиеті өте жоғары.Қымыздықтың құрамында С, В1, К дәрумендері, каротин, эфир май бар; онда көбінесе органикалық қышқыл, сондай-ақ минералды заттар (кальций, магний, темір, фосфор) шоғырланған. Емдеу және аурудың алдын алу үшін өсімдіктің жапырағын да, тамырын да, http://jasai.kz/?page_id=1070тұқымын да пайдаланады. Қымыздық авитаминоз, құрқұлақ, анемеяны емдеу үшін қолданылады. Құрамындағы С дәрумені темірдің сіңірілуін тездетіп, гемоглобинді көтереді. Көп мөлшерде қолданғанда ішті айдайды, аз болса керісінше, іш тоқтатады. Қышқылдығы төмен гастритте асқазан сөлін ынталандырып,ас қорытуды жақсартады. Халық медицинасында өтті айдау үшін қымыздық шырынынан біраз беретін болған. Тамыры мен жапырағынан жасалған тұнба қан тоқтату және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады.Жапырағы мен тұқымының бырыстыратын, ауруды басатын қасиеті бар. Жапырағы жараны жазады, қабынуға, токсиндерге, құрқұлаққа қарсы күшке ие. Жапырағының қайнатпасы өттің жасалуын қамтамасыз етеді. Қан кетуде, түрлі аллергиялық бөртпелер мен қышымада тағайындайды.Қымыздық бауырдың, өттің, ішектің жұмысын жақсартады. Жапырағының қайнатпасын уланғанда уды қайтару үшін ішеді, ал тамырының қайнатапсын іш өткенде, ревматизмде, бел ауырғанда қолданады. Тоқ ішектің қабынуы, энтероколит, асқазан-ішек ауруларында геморрой, артқы тезіктің жарығында тұтынғанда жақсы нәтиже береді. Климакс кезінде қымыздық таптырмайтын ем болып табылады.

Қымыздықтың құрамында С, К дәрумендері мен кальций бар болғандықтан,қызылиектің қанауында жақсы ем болады.

Бел ауырғанда, ревматизмде 1 ас қасық жас тамырына 1 жарым стакан су құйып, 15 минут қайнатып, 2 сағат тұндырған соң 2 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек.

Қуық қабынғанда 500 г қымыздықты 1 литр суға 10 минут қайнатып, ваннаға (36 градус) құйып, 8-10 минут қымыздық ваннасын қабылдау қажет.

Баспаға және ыстық түсіруге жас жапырағы мен жұмсақ сабағын ыстық сумен жуып, ұсақтап езу керек. Қатты мата арқылы сүзіп, 3-5 минут қайнату керек. Тоңазытқышта сақтап тәулігіне 3 рет тамақ уақытында 1-2 ас қасықтан тұтыну қажет.

 Іш өткенде: 2 ас қасық ұсақталған тамырына 300 мл ыстық су құйып, 30 минут су буында ұстап, 10 минут салқындатып, дәкені 2-3 қабаттап сүземіз. Дайын болған тұнбаны күніне 3 рет 2 ас қасықтан тамақтанудан 30 минут бұрын қолдану керек.

 Есіңізде болсын, қымыздықтың пайдасымен қоса зиянды жағы да бар. Оны жиі қолданса, бүйректе тастың пайда болуы ықтимал. Тұз алмасу дұрыс болмағанда, бүйректің, ішектің қабынуында, қышқылдығы жоғары гастритте, асқазан және ащы ішектің ойық жарасында, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Қымыздық кальцийдің сіңуін тежейді де, остеопорозға алып келуі мүмкін. дереккөзі

Advertisements
Пікір қалдыру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

w

Connecting to %s