Tag Archive | аскарида

Паразиттер. Диагностика және терапия. Шындық және жаңылысу

Ең басында ресми құжаттардан бірнеше мәліметтер келтіруге рұқсат беріңіз: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн. адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар». Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады. Балалардың психикалық және физикалық дамуының тежелу себептері  паразитарлық аурулар болып табылады, ересек тұрғындардың еңбек қабілеттілігін төмендетеді.  Ауру жұққан адамның ағзасында аллергия туғызып, паразиттер жұқпалы және соматикалық ауруларға қарсы тұруды төмендетеді, акцинопрофилактиканың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген елдерде паразитарлы аурулармен күресудің маңыздылығын ескере отырып, 2001ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының елу төртінші сессиясында 2010ж. дейін геогельментоздармен күрес стратегиясын мақұлдады». Ғаламшар тұрғындарының жартысынан көбі паразитарлы індеттерден зардап шегеді. Статистика… Ал шындығында?

Біріншісіне және екіншісіне бөлуге болады. Сіз, өзінізді қай топқа жатқызасыз? Әрине, паразиттер жоқ тобына. Сізде паразиттер жоқ па? Сіз тексерілдіңіз бе? Нәжісіңізде де жоқ па? Ал көптеген паразиттер қиға жұмыртқаларын салмайды. Сіздің айналаңызда иттер мен мысықтар жоқ па? Және ешқашан болған емес пе? Сіздің балаларыңыз қандай да бір мысық «қажеттілігін атқарған» құм салғышта ойнамай ма?

Ит бүргелері ішек құрт жұмыртқаларын тасымалдайды. Ал ит болса, жұмыртқаларын жұтып, өзінің ылғалды дем алысы арқылы оларды 5 м-ге дейінгі қашықтыққа таратады (мысық 3 м-ге дейін).

Мысалы: бөсір жұмыртқасы  6 айға дейін өмірге қабілеттілігін сақтайды және шаң-тозаң, ойыншықтар, кілемдер, киім және төсек жаймалары, қол арқылы ауызға түседі. Сырқаттану ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Аскарида жұмыртқалары (жылына 100 млн. сырқаттану жағдайлары)  дұрыс жуылмаған құлпынай, көк, кір қолдар арқылы жұғады, шыбындармен таралады).

Ал кәуап пен шошқа майында  95% -нда трихинеллезб жұққан. Nұздалған балық, «строганина» немесе уылдырық – адамдағы гельминит анакондасындай. Үлкен дарағының ұзындығы 10 метрге дейін жетеді және ұзақ өмір сүреді – 25 жылға дейін.Мүмкін басқалары туралы естімеген шығарсыздар, бірақ олар да өте танымал – лямблия, эхинококк, анкилостома, токсокара, таспа құрттар, шистосомыдар және т.б.

Адамның сырқаттануы жиі түрде ауыр созылмалы уланудың, соның ішінде паразитарлы инфекциялардың көрінісі болып табылады. Ауыр созылмалы аурулардың артында қандайда бір паразитарлы инвазия тұр, олар аурудың себебі немесе себептерінің бірі болып табылады.

Олар – бізге ең қажетті және пайдалы  нәрлі заттардың  «бағалаушылары». Құнды заттарды сііңіре отыра, олар біздің ағзаны уландырушы заттармен «алғыстарын білдіреді». Адам ағзасында гельминиттердің 150-ге дейін түрі болуы мүмкін, ал паразиттердің жұққанын анықтау өте қиын.

Сіздің ағзаңызда паразиттердің болуын анықтаудың қандай айқын белгілері бар:

Олардың белгілерінің саны шектеусіз деуге болады. Бұл «ақылды» мақұлықтар өте айлакер болып келеді, белгілерін ең кең тараған аурулардың белгілерімен жасыруы мүмкін. Сондықтан мамандар «танымал» аурулармен сырқаттанған және дәстүрлі дәрі-дәрмектер көмектеспейтіндерге паразиттерден тазартуды ұсынады.

Кең таралған аурулар: іш қату, іш өтуі, желдер және іш кебуі, буындар мен бұлшық еттердің сырқырауы, анемия, аллергия, реңсіз тері, жүйкенің қозуы, ұйқының бұзылуы, тістерді қайрауы, созылмалы шаршағандық, иммунды бұзылулар.  Сондай-ақ салмақтың артуы, шектен тыс ашығу, салмақ жоғалту, демікпе, эпилепсия және бас сақинасының ауруы.

Өкінішке орай, адам әлемді стерильді қыла алмайды, бірақ біз өзімізді қорғай аламыз!

Паразитарлы инвазияның себептері:

1.     Жеке гигиенаның бұзылуы

2.     Ішек құрттары жұмыртқасының қабығын бұзатын асқазан сөлі секрециясының бұзылуы

3.     Иммунитеттің әлсізденуі

4.     Қалыпты ішек микробиоценозының бұзылуы

5.     Дұрыс тамақтанбау

6.     Өт қозғалысының бұзылуы және оның бактериостатитті қасиеттерінің жоғалуы

7.     Ілеспелі таз  жұқпасы

8.     Ферменттер белсенділігінің жоғалуы

 

Антипаразитарлы бағдарламаның құрылымы:

1. Жеке гигена ережелерін сақтаймыз:

2. Асқорту трактатының жұмысын оңтайландыру қажет: Өт қозғалысын қалыпқа келтіру, ішек жиырылуын және оның пайдалы микрофлорасын қалыпына келтіру, ферменттер жұмысын арттыру, гельминиттердің құрт сатысының дамуына қолайсыз жағдай жасау.

3. Ағзаны улану белгілерінсіз паразиттерден арылтуды қамтамасыз ететін мақсатты антипаризтарлы қызметке ие қауіпсіз құралдарды пайдалану қажет. Осы жағдайда жанама нәтижелері бар химиялық антипаразитарлы препараттармен бауыр мен бүйрекке токсинді әрекет ету қауіпі жоққа шығарылады.

4. Бағдарламада ферменттер мен пайдалы бактериялардың теңгерімді үйлесімдік фонында фитонцидті, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және паразиттерге қарсы қасиеттері бар препараттар дегельминтизациясын қолдану өте өзекті.

5. Судың жеткілікті мөлшерін (кемінде 1.5-2 литр сапалы, басқалардан гөрі сілтілі суды) ішу және тазалау кезеңінде тамақтану рационынан  ұннан жасалған, тәтті және ет өнімдерін алып тастау ұсынылады.

Жоғарыда баяндалғаннан, гельминиттер әрекетті көп қырлы, оларды болжау, бағдарлау мүмкін емес,  иесінің ағзасы үшін қауіпті және зиянды. Гельминит тасымалдауды жұқтыру қауіпінің өте жоғары деңгейде болуына байланысты, жылына 2 рет дәрігер-паразитологта алдын алу дегельминтизация курсын өткен дұрыс. Сонымен бірге, улану белгілерінсіз ағзаны паразиттерден босатуды қамтамасыз ететін мақсатты антипаразитарлы әрекетке ие қауіпсіз құралдарды қолдану өте маңызды.

Біздің басты мақсатымыз –  табиғатпен әр қайсысымызға берілген денсаулықтың бастапқы потенциалын сақтау және дамыту.

 

Толық нұсқасы

Advertisements