Tag Archive | етеккір

Жұпаргүл

Жұпаргүл(душица)

Жұпаргүл(душица)

Жұпаргүл (душица) шөбінің тұндырмасы. Ұсақталған шөптің 2 ас қасығын 2 стакан қайнаған ыстық суға салып, тұндырма дайындайды. Ас алдында 30 минут бұрын 3 рет ішіп тауысады. Бұл өсімдікті тер шығару және бронхит, пневмония кезінде қақырық түсіру мақсатында қолданады. Басқа шөптердің қосындысымен бронхиальді астманы да емдеуге қолданады.Жұпаргүл тұнбасын ангинаны кезінде, созылмалы немес қабынған форингит, солзылмалы тонзиллит, коклюш кезінде ішу пайдалы. Ингаляция жасау үшін де қолданылады. Парадантоз, гингивит, стоматит кезінде жұпаргүлдің (1:10) тұнбасымен шайған дұрыс.

Етеккірдің келу мерізімін реттеу мақсатында бұл  өсімдіктің тұнбасын халық арасында көп қолданады.

Экзема, қышыма дерматоз, фурункулез, іріңді ісік, диатез кездерінде шөптің тұнбасынан жасалған компресс немесе  шипалық ванна жасаған дұрыс. Бас жиі ауырған кезде де жылы қайнатпасымен басты жуған абзал.

Жұпаргүлді киімге себелеп қойса қаркүйе(моль) түспейді.

Кулинарияда жұпаргүл қияр, қызанақ сияқты көкөністерді маринадтаған кезде қолданылса жұпар иістен бөлек, ұзақ сақталуына себебін тигізеді.

Жұпаргүлді шай сияқты шығарып ішсе де болады.

Жұпаргүлден жасалған тұнбаларды  екіқабат әйелдерге, созылмалы гастриттің гиперацидтік түрі кезінде, асқазан немесе ұлтабар жаралары барларға, гипертоникалық ауыруы барларға ішуге болмайды…

Advertisements

Қожа шөп

Saussurea involurata

қожа шөп

/Saussurea involurata/
Ботаникалық ерекшелігі: Биіктігі 15- 50 cm. Сабағының түп жағында бірсыпыра қоңырқай түсті қылшық тəрізді жапырақ қынапшасының қалдықтары болады. Жапырағы кезектесіп жиі өседі, жиегі ара тісті келеді. Гүл шоғыры басында өседі. Бас гүл оранышы өсіп үлкейіп, жапырақ сияқты, көп қабатты, жұқа перде тəріздес көрінеді, солғын жасыл сары түсті болады. Гүлі түтік формалы, қызыл күрең түсті.

Өсетін орындары: Теңіз деңгейінен 2600-4000 m жоғары биік таулардың жалама тастарының арасында өседі.  Тиян-шан, Алатау қатарлы тауларда кездеседі.

Дəрілік бөлегі жəне оны жинау: Қожа шөптің гүлі мен сабағы дəрі. Оны гүлі толық ашылған кезінде жинап, көлеңкеде кептіріп сақтайды.

Ем болатын аурулары: Етеккірдің тоқтап қалуы, бала жолдасының түспеуі, жел – құз сипатты буын қабыну,  белсіздік, суықтан болған жөтелді емдеуге қолданылады.