Асқазанды тазарту

Шығыс медицинасы асқазан-ішек жолдары – адам ағзасының «асханасы» болғандықтан ол үнемі тазартып отыруды қажет ететіндігін айтады. Көптеген аурулардың асқазан-ішек жолдарының қождануы мен ластануынан пайда болатындығынан оларды жиі тазартып отыру өте ма-ңызды. Асқазанды тазалау арқылы созылмалы асқазанның қабынуы (гастрит), ас қорытудың бұзылуы (диспепсия), басқа да асқазанмен байланысты созылмалы аурулардан айығуға болады. Әсіресе, асқазан қабынуындағы қышқылдық төменділігін емдеуге күшті әсерін тигізіп, асқазанда қоймалжыңның көп бөлінбеуіне көмектеседі. Егер қышқылдық жоғарыласа, онда жуан ішекті сумен шаятын емдеу тәсілінің керемет нәтиже бергендігі.

Емдеу әдісі үшін шамамен 3 л қайнатылған жылы су дайындау қажет. Орындыққа отырып асқазанға су мөлшерден тыс толғанын сезгенше немесе жүрек айнығанша суды аздап ұрттап ішу керек. Ережеге сай жасалған тәжірибе бойынша, 3-5 л қайнатылған суды ішкен соң ғана осындай сезім пайда болуы тиіс. Содан соң ваннаға немесе шылапшынға 90 градус бұрыш жасап, еңкею керек. Сол қолдың алақанын іштің асқазан бөлігіне қойып, оң қолдың үш саусағымен тілді жүйкеге тиетіндей етіп басады. Құсу қимылы бастала салып, ақырын иықты көтеріп, арқаны майыстырады. Құсық сұйылғанда, саусақтарды ауыздан алады. Су шығуын доғарған соң, қайтадан арқаны майыстырып, тілді жүйкеге тиетіндей етіп саусақпен басу ұсынылады. Осы қимыл асқазан толық босағанша бірнеше рет қайталанады.

Әдетте асқазанды сумен тазарту әдісі таңертең аш қарынға жасалады. Бұған дейін ішек пен қуық босатылып, жуынып, душ қабылдау қажет. Шығыс медицинасы емделу әдісін пайдалану барысында ағзаны салқын тигізуден сақтауды ескертеді.

Біздің жағдайымызда асқазан тазартуды мысалы, тамақты мөлшерден тыс жегенде немесе сапасыз тамақтарды қабылдағанда, сондай-ақ, сауығу үшін қолданады. Шығыс медицинасы сусамырмен (сахарный диабет) ауыратын адамдарға асқазанды сумен тазартуды аптасына 1 рет өткізу туралы кеңес береді. Өйткені, асқазанды шаю арқылы ағзада ұйқы безінің гормоны (инсулин) жоғары деңгейде бөлінеді.

Сондай-ақ, шығыс медицинасы емделу әдісінің бұл түрін жүрек, қан қысымының артуы, асқазандағы жара және ішек ауруларымен ауырған адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізетіндіктен, оларға пайдаланбауға кеңес береді.

 

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру