Tag Archive | жара

Қасбояу тамыры

Ерекшелігі: Екі жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 30-80 см. Негізгі тамыры ұзын, тереңдеп өседі, сыртқы қабығы ақшыл сары түсті, сабағы тік. Сыртында ақ түсті ұнтақтары болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Түп жағындағы жапырағы үлкен сағақты, ұзын сопақша, сабағындағы жапырағы қандауыр тәрізді.
усьма-сурьма-касбояу

қасбояу-усьма-сурьма

Түп жағы жебе тәрізді, сабақты жартылай орап тұрады. Шашагүл шоғыры сабақ басында және қолтықтай өседі. Гүлі кішкене сары түсті, крест формасында тізіле орналасады. Жемісі ұзынша, дөнгелек формалы жалпақтау, тікенді келеді. Қазақстанның барлық аймағында егіледі.

Жинау және өңдеу: Тамыры, жапырағы дәрі. Тамырын күзде қазып алып, топырағын арылтып, кептіреді. Жапырағын майсасы өсіп 15 см болған кезде мерзімге бөліп жинап алып, көлеңке немесе күншуаққа кептіреді.
Қасиеті: Кермек дәмді, суық райлы, усыз, ыстықты басып, уытты қайтарады. Қанды салқындатады, тияды.
Басты ем болатын аурулары және қолданылуы:
  1. Тарқалмалы алқым безінің қабынуына: Қасбояу тамырынан 60-120 г (балаларға 30-60 г) суға қайнатып күніне бір рет ішеді. Немесе қасбояу тамырынан 30 пайыздық сұйықтық дайындап, ауырған жерге жағады.
  2.  Тамақ баспасының жедел қа-бынуына (ангинаға) қасбояу тамыры 15 г, ұшқат гүлі мен қара тамырдың әрқайсысынан 9 г, қызыл мия 3 г, жалбыз 4,5 г суға қайнатып ішеді.
  3. қасбояу(сурьма,уьма)

    қасбояу(сурьма,усьма)

     Ү типтегі ми қабы қабыну (минингит) жұқпалы ауруына: қасбояу 15 жастан жоғарыларға 200 мл (60-120 г), су қосып қайнатып, 100 мл қалғанда бірден ішіп бітіреді. Ем үш аптаға жалғасады.

  4. Тарқалмалы тұмауға: қасбояу 9 г сүзгітарақ 30 г суға қайнатып ішеді.
  5. Өкпенің үлкен жапырақшасының қабынуына: қасбояу жапырағы 15 г, қасбояу тамыры 15 г, ұшқат гүлі 15 г, қызыл шұғынық 9 г, бақбақ 12 г, қоңырау гүл 9 г, қызыл мия 3 г суға қайнатып ішеді.
  6. Бауыр қабынуға: қасбояу тамыры 15 г, ақ жусан 15 г, көк гүл 6 г, бупілеуір 6 г, қызыл мия 3 г суға қайнатып ішеді.
  7. Тілме ауруына: қасбояу тамыры 18 г, жалбыз 9 г, ошаған тұқымы 9 г, қара тамыр 15 г суға қайнатып ішеді. Қасбояудың жаңа жапырағын жаншып, ауырған жерге таңса да болады.
  8. Уы шыққан жараға: қасбояу тамыры 30 г, тікенді ошаған 15 г, бақбақ 15 г, исті қоғажай 15 г, қасбояу жапырағы 15 г, сабын ағаш тікені 9 г, ащы қарбыз тамыры 12 г суға қайнатып ішеді.
  9. Күл ауруына: (диптерия) қасбояу жапырағы 9 г, қызылқұлақ 6 г, қара тамыр 12 г, қызыл мия 3 г суға қайнатып ішеді.
  10. Көздің дәнекер қабығының қабынуына: қасбояу тамырынан 5-10 пайыздық сұйық дәрі жасап көзге тамызад  Дереккөзі

Тау сарымсағы

тау сарымсағы

тау сарымсағы

Тау сарымсағы адамзаттың алғашқы жемістерінің бірі болса керек. Ол биік тау етектеріндегі бұйраттардың тасты, шағылды бөліктерінде, көбінше күнгей беттерде өсетін көпжылдық өсімдік. Ол жыл сайынғы шашылған тұқымынан, қурап калған сабақтың тамырынан қайта көктеп шыға береді. Оның 100 г, өніміндегі С дәрумені қырыққабат пен салыстырғанда екі есе, көк сарымсақ пен тұрыпқа қарағанда үш есе, кәдіге қарағанда жеті есе, усарымсақ пен қызылқылшадан 10 есе артық екен. Осының өзі оның тағамдық қуатынан гөрі, дәрілік қасиеті жоғары тұратынын аңғартса керек.

Сарымсақтардың ішінде ең биік орында тұрған тау сарымсағы цинга сырқаты мен тамырлардың тарылуына, ішектер ішіндегі құрттарға таптырмайтын дәрі.

1. Ғылыми медицинада оның 40 градустық спирттегі тұнбасы өте жоғары бағаланады. Ол үшін тау сарымсағының жас бұтақтарын шыны ыдыстың ішіне толтыра салып, үстінен аталған спиртті толтыра құяды. Осыны жылы жерге немесе күнге 15 күн қойып тұндырады. Осыдан күн сайын төрт рет әр жолы 10-15 тамшыдан қайнап салқындаған сумен ішеді. Ол адамның еске сақтау қабілетін сақтап, асқазан-ішек жолдарының ауруына ем болады.

2. Адамның дем алуы ауырлап, ентігуі көбейсе, өкпеден шығатын сұйықтық артып мазаны алса, таблеткаларға тоқтамаған жөтелге 250 г, ақ шарапқа бір уыс тау сарымсағын ұсақтап турап салып, ақырын отта аздап қайнатады. Осыдан соң аздап бал қосып, бір жұтымнан ас арасында ішеді. Күніне 7-8 рет қабылдауға болады.

3. Тау сарымсағының жас бұтақтарын жесеңіз, қуық пен бүйректі тазалап, зәрді айдайды.

4. Белдің жүйкесіне суық тиіп, радикулит болып ауырғанда 3 литрлік банкіге тау сарымсағын турап толтырып, үстінен 70 градустық спирт құйып, бір ай бойы жылы жерде жабық ыдыста ұстайды. Одан соң дәріні сығып, сүзіп алып, белге жағады. Сыртын жылы орайды. Осы тұнбаны қыздыратын ішімдік ретінде ішуге болмайды. Тоңазытқышқа қойып сақтайды.

5. Тау сарымсағының шырыны жазылмай жүрген жараларды, бөрткен қотырларды, безеу сияқты тері бұзылуға да тиімді пайдаланады.

6. Шырынның тағы бір ерекшелігі ашқарақта жарты 1 стақан ішіп, соңынан қышқыл су ішетін болса ішектердегі құрттарды түгел далаға шығарады.

7. Ал аспен қосып ішетін болса ұйқы шақырып, бас ауыруын алады.

Дереккөзі

Шашыратқы

shashyratkyБарлық елдерге дерлік шашыратқының(цикорий) тамыры адамды көрінбейтіндей(невидимка) жасай алады деген наным болған. Негіздеме жоқ. Тағы бір қызық жәйт — егер осы шөпті 25 июльде қазып алып таяққа тағып сапарға шыққан жолаушыны ол, пышақтан және оқтан қыйын қыстауларда сақтайды дегенде ұғым болған. Қазып алудың өзі ырым шарамен жасалған екен.
Бұл күндері оны күз айларында айырмен немесе күрекпен еш ырымсызақ қазып ала беретін болса керек. Айта кететін бір жәйт, Ресей бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында шетелдерге кептірілген емдік тамырды 400 пудқа шейін тасымалдаған екен. Тамырды жинап кептіру орталығы Ярослав губерниясы болыпты.
Шашыратқы(Цикорий) осы күні кофені алмастырғыш ретінде белгілі. Егер, таңғы асыңызды ашқарынға балмен лимон қосылған шашыратқы ішсеңіз — ағзаңызда гипертнония дамымайды екен (ауруға бейім болған күннің өзінде).
Халықтық емшара ретінде тамырының қайнатындысы мен шөбінің тұнбасын күш-қуат кеміп әлсірегенде, гепатит пен сары ауру кезінде, өт жолдарына тас байланғанда, асқазан және тоқішек жараларына(язваларына), аллергияға, экземаға, фурункулезға, көп бауыр ісінгенде, нефритке және шыжыңдыққа қарсы ем ретінде қолданады. Гүлдерінен жасалған тұнба орталық нерв жүйесн тыныштандырып, жүрек қызыметін күшейтеді, соғу жиілігін ретке келтіреді.
Шөбінің тұнбасы мен тамыр қайнатпалары қандағы қант мөлшерін төмендетіп қант ауруымен ауыратындарға табиғи дәрумен ретінде қолданады. алынған жері

Әлі де толықтырылады

Мойылды шипажайы

mojyldy      Бұдан ертеректе, көлдің емдік қасиеттері туралы жергілікті тұрғындар көне көздерден естіп, білді. Олар өздерінің түсініктері бойынша пайдалануға ты-рысты. Көлдің емдік қасиеттерін естігін адамдар емделу үшін осында жаз бойы жатып алуды, оның жиегіне киіз үй, шатырлар орнатып, бұтақтардан және жер асты үйлерінде тұруды әдетке айналдырған. Күн астындағы жасанды ванналар орнатып, балшық пен рапаны қабылдаған.

Славцов деген Павлодардың іскер көпестерінің бірі көлдің жиегінде ақылы балшықпен емдеу шипажайын ұйымдастырған. Шипажай көл суын қыздыру үшін жасалған карапайым жатын орындар мен пеші бар саманнан жасалған үй, балшықты көлге дейін төселген тақтайлармен суға толы тегенелерде жуынған. Кедейлер көлдің маңындағы арнайы орындарда немесе көлге түсіп жуынған. 1922 жылы Кеңес үкіметі орнатылғаннан кейін шипажай Павлодар «Горздрав» қарамағына берілген. Шипажай бірте-бірте өзгере бастайды, балшықпен емдеу орны қайта салынып, күніне елу адамға қызмет көрсете алатын болған.

1928 жылы шипажай Республикалық шипажай басқөармасының қарамағына ауыстырылады, республикалық маңызы бар шипажайлардың біріне айналады. Саманнан салынған үйлер, шипажай қызметтерін орналастыру ғимараттары орнатылады.

1937 жылы көлдің батыстағы жағалауында жасыл шөбі және бұталары бар он гектар жерге ағаш паркі отырғызылған Ұлы Отан соғысы кезінде жарақат алған мыңдаған қызыл әскер жауынгерлері емдеуден өткен. Әсіресе балшық пен рапа ұзақ уақыт жазылмайтын оқ-дәрі жарақаттары, күйіктер мен үсіктерді емдеу кезінде тиімді болған екен…

Емдеу шаралары төмендегідей кеселдерге өте пайдалы

– артриттерді, артроздарды, остеохондрозды және т.б;
– жүйке ауыруларын;
– гинекологиалық аурулар(бедеулік, гениталидің қабынуы);
– урологиалық кеселдер (простатиттер, циститтер);
– асқорыту мүшелері;
– зат алмасу жүйесінің бұзылуы: сусамыр(қант диабеті) және басқалары;
– тыныс алу сүшелері
– тері аурулары (псориаз, нейродермит, экземы  т.б.).