Tag Archive | еске сақтау қабілеті

Тау сарымсағы

тау сарымсағы

тау сарымсағы

Тау сарымсағы адамзаттың алғашқы жемістерінің бірі болса керек. Ол биік тау етектеріндегі бұйраттардың тасты, шағылды бөліктерінде, көбінше күнгей беттерде өсетін көпжылдық өсімдік. Ол жыл сайынғы шашылған тұқымынан, қурап калған сабақтың тамырынан қайта көктеп шыға береді. Оның 100 г, өніміндегі С дәрумені қырыққабат пен салыстырғанда екі есе, көк сарымсақ пен тұрыпқа қарағанда үш есе, кәдіге қарағанда жеті есе, усарымсақ пен қызылқылшадан 10 есе артық екен. Осының өзі оның тағамдық қуатынан гөрі, дәрілік қасиеті жоғары тұратынын аңғартса керек.

Сарымсақтардың ішінде ең биік орында тұрған тау сарымсағы цинга сырқаты мен тамырлардың тарылуына, ішектер ішіндегі құрттарға таптырмайтын дәрі.

1. Ғылыми медицинада оның 40 градустық спирттегі тұнбасы өте жоғары бағаланады. Ол үшін тау сарымсағының жас бұтақтарын шыны ыдыстың ішіне толтыра салып, үстінен аталған спиртті толтыра құяды. Осыны жылы жерге немесе күнге 15 күн қойып тұндырады. Осыдан күн сайын төрт рет әр жолы 10-15 тамшыдан қайнап салқындаған сумен ішеді. Ол адамның еске сақтау қабілетін сақтап, асқазан-ішек жолдарының ауруына ем болады.

2. Адамның дем алуы ауырлап, ентігуі көбейсе, өкпеден шығатын сұйықтық артып мазаны алса, таблеткаларға тоқтамаған жөтелге 250 г, ақ шарапқа бір уыс тау сарымсағын ұсақтап турап салып, ақырын отта аздап қайнатады. Осыдан соң аздап бал қосып, бір жұтымнан ас арасында ішеді. Күніне 7-8 рет қабылдауға болады.

3. Тау сарымсағының жас бұтақтарын жесеңіз, қуық пен бүйректі тазалап, зәрді айдайды.

4. Белдің жүйкесіне суық тиіп, радикулит болып ауырғанда 3 литрлік банкіге тау сарымсағын турап толтырып, үстінен 70 градустық спирт құйып, бір ай бойы жылы жерде жабық ыдыста ұстайды. Одан соң дәріні сығып, сүзіп алып, белге жағады. Сыртын жылы орайды. Осы тұнбаны қыздыратын ішімдік ретінде ішуге болмайды. Тоңазытқышқа қойып сақтайды.

5. Тау сарымсағының шырыны жазылмай жүрген жараларды, бөрткен қотырларды, безеу сияқты тері бұзылуға да тиімді пайдаланады.

6. Шырынның тағы бір ерекшелігі ашқарақта жарты 1 стақан ішіп, соңынан қышқыл су ішетін болса ішектердегі құрттарды түгел далаға шығарады.

7. Ал аспен қосып ішетін болса ұйқы шақырып, бас ауыруын алады.

Дереккөзі