Tag Archive | сурьма

Қасбояу тамыры

Ерекшелігі: Екі жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 30-80 см. Негізгі тамыры ұзын, тереңдеп өседі, сыртқы қабығы ақшыл сары түсті, сабағы тік. Сыртында ақ түсті ұнтақтары болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Түп жағындағы жапырағы үлкен сағақты, ұзын сопақша, сабағындағы жапырағы қандауыр тәрізді.
усьма-сурьма-касбояу

қасбояу-усьма-сурьма

Түп жағы жебе тәрізді, сабақты жартылай орап тұрады. Шашагүл шоғыры сабақ басында және қолтықтай өседі. Гүлі кішкене сары түсті, крест формасында тізіле орналасады. Жемісі ұзынша, дөнгелек формалы жалпақтау, тікенді келеді. Қазақстанның барлық аймағында егіледі.

Жинау және өңдеу: Тамыры, жапырағы дәрі. Тамырын күзде қазып алып, топырағын арылтып, кептіреді. Жапырағын майсасы өсіп 15 см болған кезде мерзімге бөліп жинап алып, көлеңке немесе күншуаққа кептіреді.
Қасиеті: Кермек дәмді, суық райлы, усыз, ыстықты басып, уытты қайтарады. Қанды салқындатады, тияды.
Басты ем болатын аурулары және қолданылуы:
  1. Тарқалмалы алқым безінің қабынуына: Қасбояу тамырынан 60-120 г (балаларға 30-60 г) суға қайнатып күніне бір рет ішеді. Немесе қасбояу тамырынан 30 пайыздық сұйықтық дайындап, ауырған жерге жағады.
  2.  Тамақ баспасының жедел қа-бынуына (ангинаға) қасбояу тамыры 15 г, ұшқат гүлі мен қара тамырдың әрқайсысынан 9 г, қызыл мия 3 г, жалбыз 4,5 г суға қайнатып ішеді.
  3. қасбояу(сурьма,уьма)

    қасбояу(сурьма,усьма)

     Ү типтегі ми қабы қабыну (минингит) жұқпалы ауруына: қасбояу 15 жастан жоғарыларға 200 мл (60-120 г), су қосып қайнатып, 100 мл қалғанда бірден ішіп бітіреді. Ем үш аптаға жалғасады.

  4. Тарқалмалы тұмауға: қасбояу 9 г сүзгітарақ 30 г суға қайнатып ішеді.
  5. Өкпенің үлкен жапырақшасының қабынуына: қасбояу жапырағы 15 г, қасбояу тамыры 15 г, ұшқат гүлі 15 г, қызыл шұғынық 9 г, бақбақ 12 г, қоңырау гүл 9 г, қызыл мия 3 г суға қайнатып ішеді.
  6. Бауыр қабынуға: қасбояу тамыры 15 г, ақ жусан 15 г, көк гүл 6 г, бупілеуір 6 г, қызыл мия 3 г суға қайнатып ішеді.
  7. Тілме ауруына: қасбояу тамыры 18 г, жалбыз 9 г, ошаған тұқымы 9 г, қара тамыр 15 г суға қайнатып ішеді. Қасбояудың жаңа жапырағын жаншып, ауырған жерге таңса да болады.
  8. Уы шыққан жараға: қасбояу тамыры 30 г, тікенді ошаған 15 г, бақбақ 15 г, исті қоғажай 15 г, қасбояу жапырағы 15 г, сабын ағаш тікені 9 г, ащы қарбыз тамыры 12 г суға қайнатып ішеді.
  9. Күл ауруына: (диптерия) қасбояу жапырағы 9 г, қызылқұлақ 6 г, қара тамыр 12 г, қызыл мия 3 г суға қайнатып ішеді.
  10. Көздің дәнекер қабығының қабынуына: қасбояу тамырынан 5-10 пайыздық сұйық дәрі жасап көзге тамызад  Дереккөзі